248
«Барымташылар» көркем фильмінің түсірілім жұмыстары басталды
«Барымташылар» көркем фильмінің түсірілім жұмыстары басталды
Елімізде Жапония тарапымен бірлескен «Барымташылар» көркем фильмінің түсірілім жұмыстары басталды, деп хабарлайды 24.kz.
Бүгін елордада Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Жапония кинопродюсері Сёдзо Ичиямамен кездесіп, осы жаңа жобаны талқыға салды. Бір отбасының өмірін баяндайтын туынды Алматы облысында түсіріледі. Кинода жетпіс бірінші Канн кинофестивалінде үздік актриса атанған Самал Еслямова, театр және кино жұлдызы Дулыға Ақмолда және Жапония актері Мирай Морияма ойнайды. Сёдзо Ичияма, Жапония кинопродюсері: – Астанаға келгенім үшін өте қуаныштымын. Бүгінде «Барымташылар» киносына байланысты Қазақстанда жиналып жатырмыз. Бұл – екі елдің өкілдері үшін де маңызды бастама. Жаңа жоба көрермендерге қызықты әрі тартымды болады деп ойлаймын.