Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Алғашқы күні Қазақстан 7 алтын медальмен көш бастады

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Алғашқы күні Қазақстан 7 алтын медальмен көш бастады

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Алғашқы күні Қазақстан 7 алтын медальмен көш бастады
ашық дереккөзі
271
Қырғыз Республикасында өтіп жатқан III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы күні Қазақстан 7 алтын, 7 күміс, 5 қола медальмен жалпыкомандалық есепте көш бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жалпыкомандалық есепте 5 алтын, 5 күміс, 8 қола медальмен Қырғыз Республикасы құрамасы екінші орында келе жатыр. Ал үшінші орынға 5 алтын, 2 күміс, 5 қола медальмен Түрікменстан құрамасы жайғасқан. Одан кейінгі орындарда Ресей (3, 0, 4), Өзбекстан (2, 3, 7), Украина (2, 3, 1) құрамалары өзара бөліскен. Айта кетерлігі, Қазақстан құрамасының көш бастауына бүгін армрестлинг шеберлерінің ерлігі мұрындық болып отыр. Әйелдер арасында құрамадан Письменная Оксана (75 кг) мен Лисянская Антонина (+75 кг), ерлерден Фараджов Вали (75 кг), Стипанчук Андрей (95), Сазонов Олег (105) пен Дмитрий Трубин (+105кг) ел намысын қорғаған болатын. Жарыстың нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы 7 алтын және 5 күміс медаль иеленіп, жалпы командалық есепте ұлттық құраманы алға шығарды. III Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2-8 қыркүйек аралығында Ыстықкөл (Қырғызстан) аумағында өтіп жатыр. Қазақстан құрамасынан  25 этноспорт түрінен 134 спортшы күш сынауда.

Серіктес жаңалықтары