Елорда перзентханасындағы аналар өлімі бойынша тергеу қорытындысы белгілі болды

Елорда перзентханасындағы аналар өлімі бойынша тергеу қорытындысы белгілі болды

Елорда перзентханасындағы аналар өлімі бойынша тергеу қорытындысы белгілі болды
ашық дереккөзі
225
Елорданың денсаулық сақтау басқармасы Астанадағы жас босанған төрт ананың өліміне қатысты тергеу жұмыстарының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Төрт өлім жағдайы бойынша республикалық комиссия тергеуді аяқтады. Қорытынды жасалды. 3 жағдай алдын алуға болмайтындай, 1 жағдай шартты түрде алдын алуға болатындай жағдай ретінде танылды», - деді Үкімет отырысынан кейін тілшілерге сұхбат берген Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасыың басшысы Камалжан Надыров. Ол шартты түрде алдын алуға болатындай жағдай - медициналық қызметкерлердің барлық жұмысы дұрыс орындалғанын, техникалық әрекеттер жасалып, осының бәрі соңғы қорытындыға әсерін тигізбеген жағдай екенін түсіндірді. «Қазіргі уақытта аталмыш іс бойынша құқық қорғау органдары қызметтік тергеу жүргізіп жатыр. Кімнің кінәлі немесе кінәсіз екенін айту бәлкім дұрыс болмас. Ол жағдайда өлімнің алдын алу мүмкін болмаған еді», - дейді сарапшы. Айта кетсек, Астанада осы жылдың маусым мен шілде айларында жас босанған 4 ананың өлімі тіркелген болатын.

Серіктес жаңалықтары