Әулиеаталық мүсінші тасқа «жан бітірген»

Әулиеаталық мүсінші тасқа «жан бітірген»

Әулиеаталық мүсінші тасқа «жан бітірген»
ашық дереккөзі
670
Шу ауданы Төле би ауылында тастың тілін тапқан хас талант Қали Қораласбаев деген азамат тұрады, деп хабарлайды Хабар 24. Ол – сурет салып, мүсін соғып қана қоймай, ағаш ойып, тас қашап, бейнелеу өнерінің қыр-сырын әбден меңгерген жан. 40-қа жуық ағаш пен тастан түйін түйген шебер әр еңбегінде оқиғаны мәңгі есте қалдыруға тырысқан. Одан өзге аудан облыс республика көлемінде 200-ге тарта көрме ұйымдастырып, қабілетімен шығармашылық қауымдастықты мойындатқан. Кісен ашқан, Өлі жауынгер, Отан, Ұлы дала қорғаны, Қорқыттың зары, Қыр қызы, Болашақ, Дала мелодиясы – мүсіншінің талай жылдар тер төгіп, көз майын тауысып жасаған туындылары. Тарихымызды тасқа таңбалап жүрген мүсінші әрбір еңбегіне 3-4 жыл уақыт жұмсайды. «Мүсіншілерде жақсы сөз бар: «егер өзіңді мүсінші деп есептейтін болсаң, нағыз тас мүсіннен жасап көр». Яғни оның ауырлығын айтып  тұр, оны екінің бірі жасай алмайтынын айтып тұр. Бұл тас мүсінді басынан аяғына дейін суретшінің жеке өзі жасайды», – мүсінші  Қали Қораласбаев.

Серіктес жаңалықтары