Головкин өзінің алғашқы жеңілісі туралы пікірін білдірді

Головкин өзінің алғашқы жеңілісі туралы пікірін білдірді

Головкин өзінің алғашқы жеңілісі туралы пікірін білдірді
ашық дереккөзі
272
GGG кәсіпқой рингтегі бүкіл белбеуіннен айырылып, сұхбат бермей рингтен шығып кетті. Орта салмақтағы экс-чемпион, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен өткен матч-реванштағы жеңілісі туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz. Олардың жекпе-жегі Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен бокс кешінің басты оқиғасы болды. Олар бір жыл бұрын кездесіп, қарымта тең есеппен аяқталған болатын. Екінші жекпе-жек те 12 раундқа созылып, ұпай айырмасымен Альварес жеңді. Головкин үшін бұл алғашқы жеңіліс болды. «Мен жекпе-жекте кім жеңгенін айтпаймын, өйткені төрешілер шешімімен «Канело» ұтты. Жанкүйерлер үшін жақсы жекпе-жек өтті деп ойлаймын. Мен одан жақсы төбелесемін деп ойладым», - деді Головкин.

Серіктес жаңалықтары