357
Мәжіліс комитеті Қаржы министрінің кандидатурасын қарады
Мәжіліс комитеті Қаржы министрінің кандидатурасын қарады
Бүгін Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің отырысы өтті. Онда Қазақстан Республикасы Қаржы министрі лауазымына тағайындау жөніндегі кандидатура келісілді, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
«Комитет отырысының қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитеті «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ұсынған Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасын қарап, аталған кандидатураны Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымына тағайындау үшін ұсынуға болады деп есептейді»,-делінген хабарламада.
Бұған дейін Әлихан Смайылов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымын атқарған.
Әлихан Асханұлы Смаилов 1972 жылы туған. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін қолданбалы математика мамандығы бойынша бітірген.