305
Маңғыстау облысы бойынша МКД басшысының орынбасары ұсталды
Маңғыстау облысы бойынша МКД басшысының орынбасары ұсталды
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары 10 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің редакция сауалхатына берген жауабында айтылады.
"Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасарын ұстады. Ол 10 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді", - деп хабарлады агенттік өкілдері. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.