236
Биыл суға шомылу маусымында 300 адам көз жұмды
Биыл суға шомылу маусымында 300 адам көз жұмды
Биыл суға шомылу маусымында 90 бала көз жұмды, деп хабарлайды Хабар 24.
Ең сорақасы, қаза тапқандардың жалпы саны 300 адамға жетіп отыр. Бұл тізімде Алматы облысы көш бастап тұр. Онда маусым басталғаннан бері 51 адам қаза болды. Ішкі істер министрлігінің ақпаратына сүйенсек, адамдар көбіне өз күшін толық бағаламай ажал құшады екен. Балық аулау кезінде қарапайым ережелерді сақтамағандықтан да қайғылы жағдайға душар болады. Ал бүлдіршіндер көбінесе қараусыз қалғандықтан көз жұмады екен.
«5 жасқа толмаған балалар көбіне ата-ана қарауынсыз қалып, суға кетіп жатады. Тіпті, жер үйлердің жанындағы арықтар мен қалдық су жиналатын орындарға құлап кетіп, қаза тауып жатыр. Біз бірлесіп осындай жайттардың алдын алуымыз керек», - деді ҚР Ішкі Істер министрінің орынбасары Юрий Ильин .
Ал өрт салдарынан былтыр қаза тапқандардың саны 187-ге жеткен. Тағы 300 адам жарақат алған. 80-ге жуық адам улы газдан тұншыққан. Сондықтан мамандар биылғы жылу маусымында сақ болуды ескертеді.