277
Бірнеше сағаттың ішінде бес көлік тоналды
Бірнеше сағаттың ішінде бес көлік тоналды
Талдықорғанның патрульдік полицейлері түнгі уақытта аулада тұрған көліктерді тонаған екі ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық ІІД мәлім еткендей, күдіктілерге көп қабатты тұрғын үйдің ауласындағы көліктерді тонаған. Оларға бірнеше сағатта бес ұрлық жасады деген айып тағылды. Заттай айғақтардың арасында ұрланған радар, магнитола, құжаттар, әмияндар және т.б. бар.
«Күдіктілер қала көшелерінде орнатылған видеобақылау камераларының көмегімен анықталды. «Бүркіт» патрульдік экипажы күдіктілерді ұстап, полицияға жеткізді. Ұсталғандардың арасында бұрын істі болған жігіттен ұрланған заттардың бір бөлігі табылды. Қазір ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Облыстағы 766 видеобақылау камерасының 669-ы Талдықорған қаласында орнатылған.
«Биыл облыс орталығында камералардың көмегімен 98 қылмыс әшкереленіп, 5 мың әкімшілік құқық бузышылық анықталды», - деді облыстық полицияда.