Алматы автобустарында ұрылардың суреті ашық жарияланатын болды

Алматы автобустарында ұрылардың суреті ашық жарияланатын болды

Алматы автобустарында ұрылардың суреті ашық жарияланатын болды
ашық дереккөзі
323
Жақын арада Алматының қоғамдық көліктері 86 пайызға жаңарады. Сондай-ақ, жүргізушілерге бірыңғай айлық жалақы мен ортақ киім үлгісі енгізілмек. Бұл туралы "Almaty.tv" телеарнасы хабарлайды.  Енді автобус тізгініндегілерге бірыңғай жалақы беріледі. Олар 180 мыңнан бастап 250 мың теңге аралығында айлық алады. Жүргізушілер жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсартып қана қоймай, күнделікті жұмысқа киетін киімін де түбегейлі өзгертеді. Бұдан былай қаладағы барлық қоғамдық көлік жүргізушілері бірыңғай көкшіл түсті форма киеді. Оларға шетелдің тәжірибесі негізінде 4 мезгілге сай комплект беріледі. Мәселен, жүргізушілер қыста жылы күртеше кисе, жазда оларға футболка мен кепка таратылады. Бір жүргізушінің киім жиынтығы 40 мың теңге тұрады. Қазанның соңына дейін Оңтүстік Қазақстан облысының барлық автобус жүргізушісі аттестация өтеді. Қаладағы  2500 жүргізуші осы айдың соңына дейін тест тапсырып, халықпен жұмыс істей алатынын дәлелдеуі тиіс. Ең әуелі, жүргізушілердің жол ережесін қаншалықты жетік білетіні қадағаланады. Кейін, психологиялық сауалдарға жауап береді. Мұның барлығына 50 минут уақыт беріледі. "Барлығы 40 сұрақ, оның 3-4 психологиялық, яғни жүргізуші стерсстік жағдайлардан қалай шығатыны тексеріледі. Себебі әр түрлі жолаушы болады. Мас, ашушаң секілді жолаушыларға жүргізуші қалай жауап беретінін бақылаймыз", - деді Алматы көлік біліктілік орталығының атқарушы директоры Сәкен Орманбеков. Тест нәтижелері автопарк иелеріне тапсырылады. Сәтті тапсырған жүргізушілерге сертификат беріледі. Ал аттестацияны тапсыра алмағандар даярлық курсынан өтеді. Автобус тізгіншілерін қайта даярлау үшін 40 сағат көлемінде оқыту көзделіп отыр. Оқу ақысы тасымалдаушы компания мен әлеуметтік бағдарламалар басқармасы есебінен төленеді. "Қазір қалада жолаушыларды тасымалдауға күн сайын 1560 қоғамдық көлік жолға шықса, оның 479 былтыр жаңарған. Биыл 719 автобусты заманауи үлгідегі жайлысына алмастыру көзделіп отыр. Сөйтіп, жыл соңына дейін мегаполистің автобус паркі 86 пайызға жаңарады. Бұл әлбетте, көліктердің жүру жиілігін жылдамдатып, жолаушылардың уақыттарын үнемдейді", - деді "АлматыЭлектроТранс" ЖШС директоры Ризван ЦИНАЕВ. Тағы бір өзгеріс, енді  тұрғындарды ұрылардан сақтау үшін, олардың түр-әлпеті ашық жарияланады. Қазір бостандықта жүрген ұрылардың суреті қоғамдық көліктерге қыстырылмақ. "Жыл басынан бастап 350 ұрлықшы ұсталды. Олар 411 қылмыс жасаған. Қазіргі уақытта бостандықта жүрген ұрлықшылардың суреттері енді әрбір қоғамдық көліктерде көрсетілетін болады. Бұл біріншіден, ұрлықтың алдын-алу шаралары болып табылады. Аталған ұрлықтардың алдын алу мақсатында бүкіл Алматының қоғамдық көліктерінде бейнекамералар орнатылады", – деді Алматы қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметі басшысының міндетін атқарушы Төрехан ИСИН.

Серіктес жаңалықтары