Семейде 350 орындық жатақхана пайдалануға берілді

Семейде 350 орындық жатақхана пайдалануға берілді

Семейде 350 орындық жатақхана пайдалануға берілді
ашық дереккөзі
351
Семейде элкетротехникалық колледжінің 350 орындық жатақханасы пайдалануға берілді, деп хабарлайды «Хабар 24». Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы шеңберінде жүзеге асқан жобаға облыстық бюджеттен 30 миллион, демеушілер көмегімен 70 миллион теңге жұмсалған. Бұрын музыкалық колледждің оқу ғимараты болған нысан күрделі жөндеуден өтіп, студенттердің жан-жақты дамуына жағдайлар қарастырылған. Қоғамдық тәртіптің сақталуы да бейнебақылау камералары арқылы қатаң қадағаланады. Мұнда «Серпін» бағдарламасы бойынша оңтүстік өңірлерден келген жастар да тұрады. «Wi-Fi желілері немесе коворкинг орталығы бірлесіп жұмыс жасауға, әр бала қосымша өзінің бір жұмысымен айналысатын болса, интернет қосылған, жұмыстарды жасай алады. Ғаламтор желісіне кіріп, қазақша шыққан кез келген киноларды, тәлім-тәрбие беретін бағдарламаларды көре алады. Және де кітапханада оқу залы, ол толығымен мықты компьютерлермен жабдықталған», – деді электротехникалық колледж директоры Азат Сарпеков.

Серіктес жаңалықтары