Қарағанды облысы әкімінің жалақысы айтылды

Қарағанды облысы әкімінің жалақысы айтылды

Қарағанды облысы әкімінің жалақысы айтылды
ашық дереккөзі
569
Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов 967 мың 672 теңге жалақы алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "ҚР Үкіметінің саяси мемлекеттік қызметкерлерге берілетін жалақы туралы үкіміне сәйкес жалақы аламын. Бұдан бөлек, мұнда мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілім ескеріледі - 20 жылдан аса еңбек өтілім бар. Оны ескерген жағдайда жалақым 967 мың 672 теңге болады. Барлық салық пен аударымды алып тастағанда қолыма 789 мың 642 теңге аламын. (...), - деді облыс басшысы. Сондай-ақ, Ерлан Қошанов Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалған берген жауабында ешқандай да сыйлықақы мен үстеме ақша алмайтынын айтып өтті. "Өзіме ешқашан да сыйлықақы мен үстеме ақша жаздыртпаймын. (...) Бірақ мен қызметкер жақсы жұмыс істесе, оған жалақысын көтеруге қарсы емеспін", - деді Қошанов. Мұның алдында Көкшетау әкімі Ермек Маржықпаевтың қанша жалақы алатыны айтылған еді. Редакцияның ресми сауалына берілген жауапта Көкшетау әкімінің ай сайынғы жалақысы 451 627 теңге екені жазылған болатын.

Серіктес жаңалықтары