Медицина саласын цифрландыру сәтті жүргізілуде

Медицина саласын цифрландыру сәтті жүргізілуде

Медицина саласын цифрландыру сәтті жүргізілуде
ашық дереккөзі
1292
Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында: «Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт» жалпы халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуі яғни халық санының өсуі медициналық технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныстың көлемі одан әрі артады деген еді. Осыған орай елімізде медицина саласын цифрландыру жұмыстары сәтті жүргізілуде. Бұл міндеттер Жамбыл облысында да орындалу үстінде. Электронды денсаулық сақтау сертификаттарын енгізуді жылдамдату, азаматтарға олардың денсаулық жағдайы туралы ақпаратқа интернетте қолжетімділікті қамтамасыз ету және әр түрлі мобильді технологиялар арқылы медициналық қызметтерді алу мүмкіндігін кеңейту жоспарланып отыр. Барлық медициналық ұйымдар 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қағазсыз жұмыс формасына көшуі керек. Ағымдағы жылдың аяғына дейін барлық медициналық ұйымдар ақпараттық жүйелерді 100 пайыз қамтамасыз етуі керек. Сондай-ақ, медицинада инновациялық технологияларды енгізу (жасанды интеллект, генетикалық талдау негізінде дербестендірілген медицина) бойынша шаралар қабылданатын болады. Жамбыл облысындағы 5260 медициналық қызметкердің жұмыс орны бар болса, бүгінгі тағда олардың 97 пайызы компьютермен қамтылған. Бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу үшін жергілікті бюджеттен 1013 компьютерге 152 миллион теңге бөлінді. 880-і нақтылы кезеңде сатылып алынды. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жамбылдағы жалпы медицина саласының цифрландыру жағдайымен таныстырды.Спикердің айтуынша, Тараз қаласы мен аудан орталықтарындағы интернет желісімен қамтылуы тиіс 398 мекеменің 364-і желіге қосылған. Бұл – 92 пайыз. Өңірдің медицина ұйымдары "Elsi Med» және «Damu Med»  екі медициналық ақпараттық жүйесімен жұмыс жасауда. Мұнда 631638 электорндық денсаулық паспорты енгізілген. «Damu Med»  медициналық ақпараттық жүйесіндегі мобильдік қосымшаға облыс тұрғындарының бар болғаны 9081-і ғана тіркеліпті. Бұл өте аз көрсеткіш, дейді Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Хамит Мырзақасымов. Дегенмен, халық арасында осы мобильдік қосымшаның тиімділігін түсіндіру мақсатында үгіт-насихат жұмыстары жалғасады. Облыс бойынша 12 медициналық ұйымға «Е-kezek» электрондық кезекті енгізу үшін қазынадан 73,8 миллион теңге бөлініп отыр. Жыл соңына дейін бұл қаражат толығымен игеріледі. Бұл жүйені енгізудегі қол жеткізілетін нәтиже – кезек күту уақыты бір жарым сағаттан 15 минутқа дейін қысқармақ. Ал жалпы алғанда, компьтерлік сауаттылыққа 22300 медицина қызметкері оқытылған. 2016 жылғы желтоқсан айында сол кездегі Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары И.Тасмағамбетовтың хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында Жамбыл облысының денсаулық сақтау ұйымдарына медициналық ақпараттық жүйені енгізу бойынша шешім қабылданған. Соның негізінде: Спикердің айтуынша, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «ELSI-MED» медициналық ақпараттандыру жүйесін енгізу мақсатында «Human Development Group» акционерлік компаниясымен 2017-2018 жылдарға ынтымақтастық туралы меморандум жасады.   2017 жылы жергілікті бюджеттен 470,0 миллион тенге бөлінді. Медициналық ақпараттандыру жүйесін енгізуге: 2017 жылы – 200,0 миллион теңге және 2018 жылы – 270,0 миллион теңге игерілді. Осы мақсатта 2018 жылы облыс әкімі орынбасарымен Жамбыл облысы бойынша денсаулық сақтау саласын цифрландыру бойынша жол картасы бекітілді. Жол картасының негізгі бағыттары:сауықтыру және алдын алу; сырқаттануды ерте анықтау; медициналық қызмет көрсету;   ауруларды басқару  және қайта оңалту. Нәтижесінде: 2018 жылы медициналық ұйымдарда құжаттарды электронды форматқа толығымен ауыстыру және электронды денсаулық паспорты құрылады.

Серіктес жаңалықтары