Ауылшаруашылық кооперативі: Кәсіп қарқын алуы – қоғамға пайда

Ауылшаруашылық кооперативі: Кәсіп қарқын алуы – қоғамға пайда

Ауылшаруашылық кооперативі: Кәсіп қарқын алуы – қоғамға пайда
ашық дереккөзі
772
Елімізде ауыл шаруашылығы саласын дамытуға баса назар аударылатыны белгілі. Қолға алынған маңызды шаралардың бірі – ауылшаруашылық кооперативтерін құру. Кооперативтің шынайы мәні – кооператив мүшесінің кіріс алып, еңбек өнімділігін арттыруы. Егер ол сол ресурстармен сол жер телімінде, сол мал санымен көп өнім өндірсе, онда ол көп ақша жасап, өз бизнесін дамытады. Сондықтан, 2015 жылы қазан айының соңында ауыл шаруашылығындағы шағын өндіріс мәселелерін шешуге арналған «Ауыл шаруашылығы кооперативтері» туралы Заң қабылданды. Ауылшаруашылық кооперативтерін құрудың маңыздылығын шетелдік тәжірибелер дәлелдейді. Мысалы, АҚШ-та 1950 жылдан 2006 жылға дейінгі аралықта шағын шаруа қожалықтарының саны 3 есеге азайған, ал орта шаруа қожалық иелері 2 есеге өскен. Кооперативтік шаруашылықты құрудың негізгі шарты – оны ұйымдастыру үшін біріктірілген кәсіпорындардың және шаруашылықтардың мүдделерін сақтау. Қызметтің мақсаты мен сипатына байланысты кооперацияның төмендегі түрлерін анықтауға болады: тұтынушылық, өндірістік, кәсіпшілік, жабдықтау, өткізу, несиелік, тұрғын үй және т.б. Қазақстанда ұсақ тауарлы шаруашылықты кооперациялау жұмысы бірнеше жылдан бері жүргізіліп келеді. «Ауыл шаруашылығы кооперативтері» туралы заңның қабылдануы кооперацияны дамытудың негізгі кедергілерін жоюға мүмкіндік берді. Атап айтқанда, кооператив мүшелері табысты өзара бөлісу құқығына ие болды. Кооператив қызметіне жыл сайын аудио жүргізу, ревизиялық одақтар институтын дамытуға жағдай жасалды. Үш заңның орнына бір заң қолданылатын болды. Арнайы заң «Мал шаруашылығы кооперативі» деп аталады. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызмет түрлері нақты сәйкестендірілді. 2018 жылдың 1 сәуіріндегі статистика бойынша 62 мыңнан астам адамның басын біріктірген 2849 кооператив тіркелді. Фермерлік шаруашылықтарға, шаруа қожалықтарына, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне, жеке кәсіпкерлерге 6 түрлі кредиттік өнімдер бойынша микрокредиттер беру жалғасады. Айтпақшы, ол несие қаражатты қорасында мал ұстайтын ауылдықтар (жеке қосалқы шаруашылықтар) да иелене алады. Оның екі жолы бар. Бірінші, олар өнімін дайындаушы орталықтарға өткізіп тұруы қажет. Екінші нұсқа бойынша, жеке кәсіпкер, фермер не шаруа қожалығы мәртебесіне өтуі шарт. Өндірістің тиімділігін арттырудың негізгі құралы «көлденең» және «тік» (зәкірлік) кооперация болмақ. Зәкірлік кооперация шағын және орта шаруа қожалықтары мен фермерлердің және олар құрған кооперативтердің өңдеуші және жүйе құраушы кәсіпорындармен серіктестігін көздейді. Кооперативтерге қауымдастықтар немесе өздерінен де ірі кооперативтер құруға мүмкіндік беріледі. Жеке қосалқы шаруашылықтар да кооперацияға «дара кәсіпкер, фермер, шаруа қожалығы формасында» қатыса алады. Бұл дамыған елдердің үлгісінен алынды. Жаңа Зеландия, Голландия, Швеция, Дания, АҚШ және Оңтүстік Кореяның шағын және орташа фермерлері ірі кооперативтерге бірігіп, өздерінің тиімділігін арттыруда және нарықтарды бірлесе жаулап алуда. Тағы бір жаңалық сол, кооперативтерге қызмет көрсету үшін арнайы портал құрылатын болды. Сонда әр кооператив тіркелуге міндетті. Бұл портал ақпарат жинауды автоматтандыруға және кооператив деректерін мониторингтеуге, нәтижелерін бағалауға, жұмыс орындары санының және әр қатысушының еңбек өнімділігінің есебін жүргізуге, цифрлық сауаттылыққа оқытуға, кооперативтер мен қатысушылар арасында өзара рейтинг жүргізуге мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары