Куба басшысы Солтүстік Кореяда Ким Чен Ынмен кездесті

Куба басшысы Солтүстік Кореяда Ким Чен Ынмен кездесті

Куба басшысы Солтүстік Кореяда Ким Чен Ынмен кездесті
ашық дереккөзі
310
Куба басшысы Мигель Диас-Канель Солтүстік Кореяға ресми сапармен барып, осы мемлекеттің жетекшісі Ким Чен Ынмен кездесті, деп хабаралайды «Хабар 24». Әзірге екі ел басшысының жүздесуі кезінде қандай мәселелер қарастырылғаны белгісіз. Бірақ ақпарат құралдарының хабарлауынша, тараптар екіжақты қарым-қатынасты дамытып, кеңейту мәселелерін талқылаған. Куба жетекшісінің сапары үш күнге созылмақ. Осыдан кейін ол Вьетнам мен Лаосқа сапар шегеді. Айта кетейік, 57 жастағы Мигель Диас-Канель биыл сәуір айында билік басына келген болатын. Ол Кубаны 2008 жылдан бері басқарған 86 жастағы Рауль Кастроны ауыстырған еді.

Серіктес жаңалықтары