АҚШ-та «әлемдегі ең жүйрік әйел» өмірден озды

АҚШ-та «әлемдегі ең жүйрік әйел» өмірден озды

АҚШ-та «әлемдегі ең жүйрік әйел» өмірден озды
ашық дереккөзі
230
«Әлемдегі ең жүйрік әйел» атанып кеткен америкалық каскадер Китти О'Нил 72 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Washington Post сілтеме жасап. О'Нил 2 қараша күні Юрика қаласында (Калифорния штаты) пневмониядан көз жұмды. Оның өлімін жергілікті жерлеу бюросының директоры Лиза Карлсен растады. Китти О'Нил Голливудтың басты каскадерлік студиясы саналған Stunts Unlimited-қа қосылған бірінші әйел еді. Зымыран автомобиль  жылдамдығын сағатына шамамен 600 мил (966 шақырым) жылдамдыққа жеткізген ол «Әлемдегі ең жүйрік әйел» атағын алған. Каскадер әйел ең танымал трюктерінің бірін Wonder Woman ("Ғажап әйел") телесериалы үшін орындады:  О'Нил Лос-Анджелестегі Hilton қонақүйінің шатырынан секіріп, қолдарын  жайған күйі 39 метрдей қалықтаған күйі әуе жастығына құлаған.

Серіктес жаңалықтары