Халықаралық деректер базасында – ҚазҰУ журналы

Халықаралық деректер базасында – ҚазҰУ журналы

Халықаралық деректер базасында – ҚазҰУ журналы
ашық дереккөзі
155
Ақпараттық жүйелер мен зияткерлік меншік топтамаларын басқаратын «Clarivate Analytics» халық­аралық агенттігінің мәліметі бойынша, таяуда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «International Journal of Biology and Chemistry» атты биология және химия бойынша ғылыми журналы «Web of Science Core Collection»-нің жаңа ғылыми деректер базасына енді. Еліміздегі жетекші университет журналының әлемдегі үздік ғылыми басылымдарды индекстейтін беделді халықаралық деректер базасына енуі –қазақстандық жоғары білім мен ғылымның кезекті жетістігі. «ҚазҰУ зерттеу университетіне айнала отырып, Елбасының әлемнің 200 үздік топ жоғары оқу орындарының құрамына ену жөніндегі міндеттерін сәтті орындау мақсатында қарқынды жұмыс атқаруда. Біз қазақстандық ғалымдардың зерттеулерін жетілдіруге мүмкіндік беріп, әлемдік ғылымда лайықты орынға ие болуға тырысамыз», – деп атап өтті ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі проректоры Тілекқабыл Рамазанов. Айта кетерлік жайт, ҚазҰУ химиялық және биологиялық, химиялық және технологиялық, сондай-ақ, физикалық және математикалық бағыттардағы ғылыми журналдары халықаралық ғылыми деректер базасына енген Орталық Азиядағы алғашқы халықаралық университеттердің бірі.

Серіктес жаңалықтары