Бішкектен шыққан «Боинг-707» ұшағы Иранда апатқа ұшырады

Бішкектен шыққан «Боинг-707» ұшағы Иранда апатқа ұшырады

Бішкектен шыққан «Боинг-707» ұшағы Иранда апатқа ұшырады
ашық дереккөзі
319
Иран астанасы Тегеран қаласының маңында «Боинг-707» ұшағы құлап, он адам қаза тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ИРНА агенттігіне сілтеме жасап. Қайғылы оқиға Тегеранның батысында, Әлборз провинциясында орналасқан «Фатх» авиация базасында болған. «Боинг-707» ұшағы Бішкектен Иранның Пайам Кередж әуежайына бара жатқан. «Құлаған жолаушылар ұшағы емес», - дейді төтенше жағдайлар агенттігінің өкілі Миджитаба Халиди. Алдын ала деректерге қарағанда, ұшақ бортында болған он адамның барлығы қаза тапқан. Желіде тараған видеолардан ұшақ құлаған жерден қою түтін шығып жатқаны көрінеді.

Серіктес жаңалықтары