Еліміздің төрт аймағында автожолдар жабылды

Еліміздің төрт аймағында автожолдар жабылды

Еліміздің төрт аймағында автожолдар жабылды
ашық дереккөзі
248
Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің төрт аймағында автожолдар жабылды. Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазақавтожол» ЖШС-ға сілтеме жасап хабарлайды. Алматы облысында бұрқасын мен көру мүмкіндігінің шектелуіне байланысты «Алматы-Өскемен» автожолының «Көлбай кенті-Үшарал қаласы» учаскесі жүк көліктері үшін жабылды. Онымен қоса, «Үшарал-Достық» күре жолының «Көктума ауылы-Достық ауылы» бөлігінде қозғалысқа шектеу енгізілді. Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын салдарынан «Алматы-Өскемен» трассасы бойындағы «Аягөз қаласы-Қалбатау ауылы» жол учаскесі жүк және қоғамдық көліктер үшін жабық. «Өскемен-Зырян-Рахман қайнарлары» автожолының «Северное ауылы-Серебрянск қаласына бұрылыс» бөлігінде тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынды. Сондай-ақ жүк машиналары мен автобустар үшін «Өскемен-Шемонайха-РФ шекарасы» автожолының 33-123 шақырым аралығында («Предгорное ауылы-РФ шекарасы») қозғалысқа шектеу қойылды. Ақмола облысында көктайғақтан «Екатеринбург-Алматы» автожолының «Астана-Қарағанды облысының шекарасы» учаскесі жүк және қоғамдық көліктер үшін жабылды. Бұдан бөлек, ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды облысында «Екатеринбург-Алматы» трассасында «Ақмола облысының шекарасы-Теміртау қаласы» жол бөлігінде жүк және жолаушылар көліктерінің қозғалысына тыйым салынды.

Серіктес жаңалықтары