Студенттерге 5 мың орындық жатақханалар пайдалануға беріледі

Студенттерге 5 мың орындық жатақханалар пайдалануға беріледі

Студенттерге 5 мың орындық жатақханалар пайдалануға беріледі
ашық дереккөзі
304
Биыл студенттер үшін жалпы саны 5 мың орынды қамтитын жаңа жатақханалар пайдалануға беріледі, деп  хабарлайды «Хабар 24». Мұндай деректі бүгін Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті. Мемлекет басшысының «Бес әлеуметтік бастамасының» үшінші бағытына сәйкес, 2022 жылдың соңына дейін 75 мың орынға арналған студенттер үйін салу міндеттелген еді. Тапсырмаға сәйкес қазір 170 жер учаскесі анықталған. Олардың 121-і білім беру ұйымдарына тиесілі, 49-ын әкімдіктер бөлген. 27 ұйым жобалық-сметалық құжаттаманы дайындады. 62-сі әзірленіп жатыр. «Қазіргі уақытта, 3 жарым ай ішінде бізге 11 мыңнан астам орынға 20 өтініш келіп түсті. 6 мың 500 орынға 12 шарт жасалды. Олардың көбі салына бастады. Қазіргі есеп бойынша 5 мың орын толығымен биылғы жылы беріледі. Сонымен қатар осы айдың соңына дейін 4 мың алты жүз орынға тағы 8 шарт жасау жоспарлануда. Ол келесі жылы берілетін жобалар», – дейді ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.  

Серіктес жаңалықтары