272
Әмиржан Қалиев: «Денсаулық сақтау кодексі» қаралып жатыр
Әмиржан Қалиев: «Денсаулық сақтау кодексі» қаралып жатыр
– Жаңа кодекс бір жақты қаралмай жан-жақты болуы тиіс. Ұсынылған мәселелер үкіметтің, бизнестің және тұтынушының талабына сай болу керек. Сай болмаған жағдайда көлеңкедегі сауданың көбеюіне және жемқорлыққа алып келеді. Мысал келтірсек, 100 меірлік деген ұсынылды. Бұл негізінде мектептен, балабақшадан – 100метр қашықтықта сататын нүктелерді айтады. Осы тұста біреулер есіктен есікке дейінгі қашықтықты санаса, басқалары алаңнан алаңға дейінгі жерді санайды. Бұл жемқорлыққа тікелей жол ашып отырғандықтан бұл мәселе кейінге шегерілді, бірақ қаралып жатыр. Тағы үлкен мәселенің бірі «Денсаулық сақтау» қорын құру. Кәсіпкерлер осы алко-табак өнімдерінің зияндығы үшін салық төлейді. Егер қор ашу үшін тағы ақша шығару керек болса, өнімнің бағасы да қымбаттайтыны белгілі. Тұтынушыға мұндай өзгеріс ұнамайтыны түсінікті. Бұл контрабандаға әкеп соғуы мүмкін.
Бүгінде талаптардың үш жақты болуы қарастырылды. Денсаулық министрлігі біздің ұсыныстарымызды тыңдап, сұрақтарға жауап іздеді. Келесі жолы қорытынды шығару үшін кезекті отырыс болады.