446
Қазақ баспасөзінде өз орны бар
Қазақ баспасөзінде өз орны бар
Қазақ баспасөзінде өзіндік орны бар, өзіндік бағыт-бағдар мен стиль қалыптастырған басылым – «Túrkistan» газетінің 25 жылдық мерейтойы құтты болсын!
«Екі дүние есігі» болған қасиетті де киелі мекен Түркістанның атауын алған басылым 25 жылдың ішінде Қалтай Мұхамеджанов, Шәмшидин Паттеев сынды азаматтардың ұйымдастырушылық-басшылық қызметінің арқасында халық сүйіп оқитын апталыққа айналды. Елдегі жаңалықтар, тіл, тарих пен ұлттық мәселелерді тереңнен қозғауға, ұлттық мәдениетті жандандыруға және халықаралық саясатқа тереңнен көз жүгіртуге бағытталған басылымның алар асулары әлі алда деп білемін. Газеттің қазақ әдебиетіне де зор көңіл бөліп келе жатқаны көңілге қуаныш ұялатады.
«Túrkistan» халықаралық газетінің ұжымына шығармашылық толағай табыстар тілеймін!
Ұлықбек Есдәулет,
Қазақстан Жазушылар одағы
басқармасының Төрағасы