311
Жастардың жұмысқа орналасуына мүмкіндік беретін сайт іске қосылды
Жастардың жұмысқа орналасуына мүмкіндік беретін сайт іске қосылды
Қарағанды қаласында «Еңбекке жол» сайты таныстырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтына сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, бұл веб-ресурс жастардың жұмыспен қамтылу деңгейі мен өмір сапасын жақсартуға бағытталған.
«ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттары «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-мен бірлесіп, 2017-2021 жылдары Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасының барысы туралы ақпарат беретін сайт құрды. Оның мақсаты - 2019 жылдың 25 мамырына дейін жұмыссыз жастардың 3 пайызын тарту», - делінген таратылған ақпаратта.
«Еңбекке жол» жобасы үш бағыт бойынша жұмыс істеп жатқаны атап өтіледі: бағдарлама қатысушыларына техникалық және кәсіби білім беру, қысқамерзімді оқыту, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, тұрғындардың жұмыспен қамтылуы және еңбек ресурстарының мобильділігі арқылы еңбек нарығын дамыту.
Бағдарламаға 9-11-cынып оқушылары, кәсіби білімі жоқ және білім мекемелеріне оқуға түспеген тұлғалар, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, жұмыс іздеп жатқан немесе жұмыссыз адамдар қатыса алады.