Қалмұханбет Қасымов жаңа қызметке тағайындалды

Қалмұханбет Қасымов жаңа қызметке тағайындалды

Қалмұханбет Қасымов жаңа қызметке тағайындалды
ашық дереккөзі
478
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. «Ол Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қызметінен босатылсын», - делінген Мемлекет басшысының Жарлығында. Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы 1957 жылы Алматы облысы Іле ауданының Дмитриевка аулында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1979 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген, мамандығы - заңгер. Полиция генерал-полковнигі. 2009 жылдан бастап - Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бастығы. 2011 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі. Мемлекеттік наградалармен наградталған: ІІ дәрежелі «Данқ» орденімен, «Астана» медалімен, «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін», «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ардагері», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медальдарымен, «ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.

Серіктес жаңалықтары