314
Сайлаушылар тізіміне 12 млн-ға жуық қазақстандық енгізілді
Сайлаушылар тізіміне 12 млн-ға жуық қазақстандық енгізілді
Алдағы 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауында дауыс берушілер тізіміне 12 млн-ға жуық қазақстандық енгізілді. Бұл туралы ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді.
25 мамырдан әрбір сайлаушы өзінің тізімде бар-жоғын тексере алады.
– Азаматтардың тіркелген жерлерінде жасақталған сайлау учаскелерінен әкімдердің қолы қойылған 11 947 995 сайлаушының тізімі берілді, - деді баспасөз жиынында Петров.
Оның айтуынша, 25 мамырдан бастап бұл тізімдермен әрбір сайлаушы таныса алады, әркім өзінің тізімде бар-жоғын тексере алады.
– Азаматтар келіп жатса, бұл тізім әлі де өзгеруі мүмкін. Тізімде жоқтар сайлау күніне дейін өздерін тізімге қостыра алады, – деп нақтылады ОСК төрағасының орынбасары.
Ал шетелдегі дауыс берушілер тізімі сайлау күні жақындағанда жасалады.
– Шетелдегілер үшін сайлаушылар тізімі сайлауға бес күн қалғанда жасалады. Шет елдерде 560 участок бар, ондағы тізімдер әлі жасалмады, – деді Петров.
Рысбек АРАПХАНҰЛЫ