Қазақстандықтар 5 сағаттың 25 пайызын интернетке арнайды

Қазақстандықтар 5 сағаттың 25 пайызын интернетке арнайды

Қазақстандықтар 5 сағаттың 25 пайызын интернетке арнайды
ашық дереккөзі
429

Соңғы 9 жылда елімізде ғаламтор желісін пайдалану уақыты 50 пайызға артқан. Бұл туралы Алматыдағы VІІІ жыл сайынғы медиа құрылтайда белгілі болды.

Медиа құрылтайда мәлімдеме жасаған TNS Gallup Media Asia агенттігінің бас директоры Татьяна Старцева бүгінде жасы 15-тен асқан, қалада тұратын азаматтар күн сайын шамамен 5 сағатын ақпарат құралдарына жұмсайтындығын айтып өтті.

Татьяна Старцева: «Бұл жерде әрине, телеарна әлі де болса басты бұқаралық ақпарат құралы болып саналады. Оған қазақстандық азаматтар күніне 5 сағат уақытының 55 пайызын, яғни 2 сағаттан астам уақытын жұмсайды. Ал интернетке жұмсалатын уақыт соңғы 9 жыл ішінде 50 пайызға артып отыр. Яғни, бүгінде отандастарымыз 5 сағат уақытының 25 пайызын, яғни екі сағатқа жуық уақытын ғаламторға арнайды. Сәйкесінше, 17 пайыз радио тыңдауға, ал 3 пайыз уақыт газет-журналдар оқуға арналады. Өкінішке қарай, азаматтар газет-журнал, кітап оқуға өте аз уақыт бөледі», – деді.

Серіктес жаңалықтары