Қазақстан туралы қызықты мәліметтер

Қазақстан туралы қызықты мәліметтер

Қазақстан туралы қызықты мәліметтер
ашық дереккөзі
3917
  1. Жылқылар ең алғаш қазіргі Қазақстанның аумағында қолға үйретілді.
  2. Медеу - әлемдегі ең биік орналасқан мұз айдыны.
  3. Алматы Көк-Төбе телемұнарасын теңіз деңгейінен төмен есептейтін болсақ, онда ол дүниежүзіндегі ең биігі болып есептеледі.
  4. Жердің алғашқы жасанды серігі (Спутник-1) мен бірінші ғарышкер адам Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшты.
  5. Қазақстан мен Ресей шекарасы – әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекара (7 512,8 шақырым).
  6. Қазақстанда 1 шаршы км-ге 6 адамнан келеді. Ал Сингапурда 7437 адам.
  7. Қазақстанда шамамен 130 ұлт өкілі бар.
  8. Қазақстанда 3,3 милионға жуық жеңіл автокөлік бар.
  9. Қазақстанда орыс тілінде 88, қазақ тілінде 83, ал аралас болып 32 газет шығады.
  10. Қазақстанның териториясына 5 Франция, немесе 3 Түркия, немесе 7 Жапония сиып кетер еді.
  11. Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанға шетелдік 150 млрд доллар инвестиция құйылған.
  12. Шай ішуден Қазақстан алғашқы орындарда келеді. Жылына әр адам басына 1,2 кг, ал Үндістанда небәрі 650 гр.
  13. Мұнай өндіруденде 8 орын алады. Болжам бойынша оның жалпы көлемі 12-17 миллиард тонна. Мұндай көлеммен Қазақстанды потенциалды мұнай державаларының бірі деп санай аламыз.
  14. Қазақстан табиғат қорларымен ең бай мемлекеттердің бірі, Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 бар, 70-нің қоры анықталған, 60 өндіріледі.
  15. Ұлы Отан соғысы кезінде майданға жіберілетін әр оқтың үшіншісі Қазақстандық қорғасын өндіретін шеберханаларда жасалған.
  16. Астық экспортынан Қазақстан лидерлердің бірі. Қазақстан жылына 40 елге астық экспорттайды.
  17. Қазақстан ТМД елдерінің арасында 2000 жылы бірінші болып Халықаралық Пұл Қорының (МВФ) барлық қарызынан құтылған.
  18. 1968 жылы ақпанның жиырмасы күні Қазақ ССР темір жолы салмағы 43,4 мың тонна, ал ұзындығы 6,5 шақырым болатын 440 вагонымен әлемдік рекордты жаңартқан.
  19. Қазақстан әлемде уран өндіруден 2005-2006 жылдары үшінші, ал 2009 жылы бірінші орынға шықты (13 500 тонна).
  20. Қазақстан Республикасы жер көлемі жөнінен дүниеде тоғызыншы, мұхитпен шектеспейтін елдердің арасында бірінші орынды алады.
  21. Екібастұздық ГРЭС-2 электр станциясының мұржасы әлемдегі ең биік. Оның ұзындығы 420м.

Аян АЛДАБЕРГЕНҰЛЫ

Серіктес жаңалықтары