Елімізге 400 млн. доллардың кредиттік желісі тартылады

Елімізге 400 млн. доллардың кредиттік желісі тартылады

Елімізге 400 млн. доллардың кредиттік желісі тартылады
ашық дереккөзі
257

Елімізге 2016 жылы Дүниежүзілік Банк пен Еуропа қайта құру және даму банкінен 400 миллион доллардың кредиттік желісі тартылмақ. Бұл туралы бүгін Астана қаласындағы Үкімет отырысында «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы бойынша баяндама жасаған Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев хабарлады.

Ұлттық экономика министрінің айтуынша, биылғы жылы елімізде Халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлескен 13 жоба жүзеге асырылуда, соған орай 2015 жылы қоса қаржыландыруға  8 миллиард теңге бөлінген екен. «Бұл ретте Ұлттық қорды басқару кеңесінің шешімімен бұған дейін бөлінген 39,2 миллиард теңге қайта қаралып, 31,2 миллиард теңгеге дейін қысқарды.  Сонымен қатар, Дүниежүзілік банкпен ағымдағы жылы қарыз туралы 3 келісімге қол қойылды. Соған байланысты шағын және орта кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жобасын Парламент ратификациялады, тағы екі жоба Мәжілістің қарауында жатыр. Сонымен қатар, биыл Қызылорда облысында Еуропа қайта құру және даму банкімен бірлескен жылу және сумен қамтудың 2 жобасы жүзеге асуда. Осыған ұқсас 15 жобаның құрылысы үшін құжаттар әзірлеу басталып кетті. Оларды қаржыландыру 2016 жылға жоспарланып отыр. Жалпы Еуропалық қайта құру және даму банкінің кредиттік желілері бойынша 2016 жылы 200 миллион доллар қаражат тартылады», – деп атап өтті Ерболат Досаев.

Министрдің деректеріне сүйенсек, 2016 жылы Қазақстан Үкіметі Дүниежүзілік банкпен әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу және білім беру жүйесін жаңғырту бойынша 2 келісімшартқа қол қоймақ. Бұдан бөлек, шағын және орта бизнес үшін 200 миллион доллар көлеміндегі несиелік желі тарту қарастырылмақ.

Серіктес жаңалықтары