"Жат" фильмі Таллинде көрсетілді

"Жат" фильмі Таллинде көрсетілді

"Жат" фильмі Таллинде көрсетілді
ашық дереккөзі
278

Кинорежиссер Ермек Тұрсыновтың «Жат» фильмінің премьерасы Таллиндегі «Қараңғы түндер» кинофестивалінде өтті. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

«Жат» кинокартинасының продюсері Қанат Төребай: «Ермек Тұрсыновтың жұмысы фестивальдің негізгі бағдарламасына кірді. Басты рөлдегі кейіпкердің өмірін бейнелеп қана қоймай, жалпы философиялық мәселелерді көрсеткен картинаны көрермендер жақсы қабылдады», – дейді. «қараңғы түндер» кинофестивалі  қараша айының 13-інде бастау алған. Фестиваль 29 қарашаға дейін жалғасатын болады. Кинотуынды өмірде болған оқиғаларға негізделген. Бұл фильмде 30-жылдары тауда ғұмыр кешуге шешім қабылдаған кейіпкердің басынан өткен оқиғаларжы суреттеледі.

Айта кетейік, Ермек Тұрсыновтың  «Жат» фильмі «Шет тілдегі ең үздік фильм» номинациясы бойынша «Оскар» жүлдесіне негізгі үміткерлер қатарына енген еді.

Серіктес жаңалықтары