Шымкентте жол апатынан 4 адам қаза тапты

Шымкентте жол апатынан 4 адам қаза тапты

Шымкентте жол апатынан 4 адам қаза тапты
ашық дереккөзі
303

Шымкентте 22 қараша күні жол апаты орын алды. Апат нәтижесінде 4 адам қаза тапты. Жол апатына айыпты деп танылған жүргізуші тұтқындалды.

Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Лексус» көлігін тізгіндеген 1991 жылы туған жүргізуші Байтұрсынов көшесінде жолда жүру ережесін бұзып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Сөйтіп, «Ауди-80» көлігімен соқтысыпты.

 «Соқтығысу салдарынан «Aуди-80» көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Ауруханаға барар жолда көлік салонында болған 2010 және 2014 жылдары дүниеге келген балалар көз жұмды. Сонымен қатар, қалалық ауруханалардың бірінің жан сақтау бөлімінде «Ауди-80» көлігінің 1987 жылы туған тағы бір жолаушысы ажал құшты», – деп хабарлайды  Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Қаракөзова. Қазіргі уақытта күдікті азамат ұсталып, аталған іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, осы демалыс күндері Алматы-Ташкент тас жолында тағы бір жол апаты тіркелген. Апат нәтижесінде 4 адам қаза тапты. Жолда 24 жасар жүргізуші бетон қоршауға соғылып, салдарынан жүргізуші мен 3 жолаушы жан тапсырды.

Серіктес жаңалықтары