600
Саяси эмиграция сергелдеңі
Саяси эмиграция сергелдеңі
Саналы түркістандықтардың тәуелсіздік идеясын іске асырудағы үміті ақталмады. Олардың Мұстафа Шоқаймен кездескеннен кейін туған шынайы биік мұраттарын Уәли Каюм түкке тұрғысыз, ұсақ әрекеттерімен көлеңкелеп кетті. Екі оттың ортасында қалған түркістандықтардың жай-күйін айтып жеткізу мүмкін бе еді?.. Төмендегі мақалада автор екі үлкен деректі алға тартқан. Бұл екеуі Түркістан легионерлері өмірінің беймәлім, күңгірт тұсын ашып береді.
- ТҮРКІСТАН ҰЛТТЫҚ КОМИТЕТІ (ТҰК)
- ТҮРКІСТАН ЛЕГИОНЕРЛЕРІ ҚАТАРЫНДАҒЫ КИКІЛЖІҢ. ОЛАРДЫҢ ЖАППАЙ ПАРТИЗАНДАР ЖАҒЫНА ӨТУІ
- Олар өз дивизияларын толықтыру мақсатында ОКВ-мен (вермахтың жоғары командованиесі – Б. С.) үнемі тығыз байланыста болуы керек-ті.
- Олар ұлттық бірлестіктерді өзіндік маңызы бар ұлттық комитеттер ретінде мойындай алмады, және солдаттарға нағыз Түркістан легионы осы дивизияда құрылатынын, ал Берлиндегілер (түркістан және әзірбайжан бөлімшелері) тек өздері үшін жұмыс істейтінін түсіндіріп бақты. Сондықтан оларға міндетті түрде көмектесу қажет емес, керісінше оның қайта тарауын талап ету керек дегенді айтты. Сүлейманов Түркістан мен Әзірбайжан президенттігінен дәметті. Өзгелер оны министрлікке лайықтады.
- Майер-Мадер солдаттарға бордель ұйымдастыруға, ал офицерлерге 25 татар қызын «сыйлауға» уәде етті. Майер-Мадер белгісіз жаққа аттанып, ақыры оралмады. Артынша оның орнына полк командирі гауптман Биллиг пен оберштуфлейтенант Алимов басқаратын топ келді. Төрт-бес күннен кейін Алимов, Сүлейманов және лейтенант Авликулиев арасында төбелес басталды. Сүлейманов құлады да, 40 минуттай ес-түссіз жатты. Алимов оған көмектесуге ұмтылған да жоқ. Бұйрық бойынша Сүлейманов командир Биллигтің орынбасары болды. Осыдан кейін-ақ түркістандықтар арасында дау-дамай, төбелес басталды. Жағдайды пайдаланған Сүлейманов пен Абдуллаев солдаттар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, гауптман Биллигтің озбырлығына қарсы тұруға шақырды. Олардың айтуынша, гауптман Биллиг 74 Түркістан легионерлерін атқан. Үш күн өткен соң-ақ барлығының көз алдында 3 түркістандық атылды. Абдуллаев өз үйінің алдында атылды, Сүлейманов Люблинге аттандырылды, Асанқұлов жалғыз қалды.
- Біз оларды әскери операцияларға пайдалана аламыз. Ұрыс жүргізуде олар біршама тәжірибе жинақтады.
- Олардың кейбірін әскери инструктор, кейбірін әскери кеңесші ретінде қолдана аламыз.
- 20 комплект киім (ішкиім, аяқ киім, т.б.).
- 5-6 велосипед пен бір автокөлік.
- Ақша
- 15 автоматты пистолет.
- Бір жазу машинкасы, қағаз қажет.
- ТҮЙІН
Бақыт Садықова
ҚР СІМ Дипломатиялық академиясының доценті.
«Түркістан» №18
18 мамыр, 2000 жыл