Молдахмет Қаназ: Мәселе атында емес, затында

Молдахмет Қаназ: Мәселе атында емес, затында

Молдахмет Қаназ: Мәселе атында емес, затында
ашық дереккөзі
1305
Қазақ ішінде ақсақалдар инсти­туты Қазан төңкерісіне дейін шама-шарқына қарай, мемлекеттік болмағанмен, тұрмыс­тық деңгейдегі мәселелерді реттестіріп отыр­ғандығы мәлім. Ал Кеңес өкіметі тұсында мемлекет бар билікті қолына алып, оларды шеттеткені белгілі. Алайда тұр­мыстық, рулық, ауылдық қатынаста бұл мәртебе жойылған жоқ. Билік дәрежесінде болмағанмен, ел ара­сында ақыл-кеңестік дәрежеде ізін жоғалтпай келеді. Бірен-саран жағдайда пендешілік жайлар кездесіп қалғаны бар десек те, ақсақалдар бүлдіріпті дегенді естіген жоқпыз. Жоғалған нәрсені қайта қалпына кел­тіруге бола ма? Мәселенің түйіні осында. Қазір мемлекеттік басқару жүйесі шама-шарқынша жұмыс істеп тұр. Анығы, бұл жүйе ақсақалдың ақылына зәру емес. Ақсақалға зәру аса күрделі іс – мем­ле­кеті­міздің түбегейлі даму бағыты. Ақсақал­да­рымыздың бар жұмысы осы жерде. Мәселен, шетелдегі қандастарымыз­дың елге жеткізудің қарқыны неге бә­сең­деп қалды? Қазақ өсуге тиісті емес пе? Әлі күнге дейін неге мемлекеттік идеоло­гия­ның тұ­ғыры анықталмаған? Гендерлік саясат деген әйелдің атқа мінуі ме? Отаға­сына кім қарайды? Кім ұрпақ өрбітіп, тәрбиелейді? Аса қатаң қан­ішер­лер – жас балаларды зорлау­шылар мен мем­лекет қаржысын  ұрла­ған­дарға неге жаза жеңіл? Жұмыс­сыздықты қалай азайтамыз, тағысын тағылар.... «Жиналыстарды азайту мәселесіне жи­налыс ашайық» демекші, мәселе ненің болса да, атында емес, затында.

Молдахмет ҚАНАЗ,

жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты

Серіктес жаңалықтары