Отандық тауарлар көрмесі ашылды

Отандық тауарлар көрмесі ашылды

Отандық тауарлар көрмесі ашылды
ашық дереккөзі
266

Астана қаласындағы «Көрме» орталығында еліміздегі үздік отандық  тауарлардың көрмесі ашылды, деп хабарлайды inform.kz ақпараттық агенттігі.

Агенттіктің хабарламасына сүйенсек, аталмыш көрмеге «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауына қатысқан кәсіпорындардың тауарлары көрсетіледі. Комиссияның шешімімен көрме-байқауға қатысушылар үш номинация бойынша іріктелмек.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов: «120-дан астам өңірлердің үздік тауарлары бойынша номинант компаниялар бүгін өз өнімдерін ұсынып отыр. Сонымен қатар өздері өндірген өнімдерін көрсетуге ниет білдірген қосымша 80-нен астам компания келіп отыр. Атап айтқанда, бүгін көрмеде 200-ден астам экспозициялар көпшілік назарына ұсынылған», – деді.

Серіктес жаңалықтары