577
Конституцияның 1995 жылғы түпкілікті жобасының суреті жарияланды
Конституцияның 1995 жылғы түпкілікті жобасының суреті жарияланды
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі Қазақстан Республикасы Конституциясының түпкілікті жобасының архивтік суретін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«1995 жылдың 1 тамызында ресупбликалық бұқаралық ақпарат құралдарында жалпыхалықтық талқылауды есепке ала отырып, өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасы жарияланды. Арада бір ай өткеннен кейін мына мәселе бойынша жалпыұлттық референдум өткізілді. «1 тамыз күні баспасөзде жарияланған жобаны - Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдайсыз ба? Референдум барысын қоғамдық бірлестіктер мен шетелдердің мыңдаған өкілі бақылады. Дауыс беру нәтижесінде Конституцияның жаңа жобасы дауыстың 89 пайызын иеленді», - деп жазылған Елбасының баспасөз қызметінің instagram парақшасында.