«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Бас директоры ауысты

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Бас директоры ауысты

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Бас директоры ауысты
ашық дереккөзі
447
Неміс маманы Михаэль Кортюм «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның  Бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығы. М. Кортюм темір жол саласында, оның ішінде  жолаушылар тасымалында мол тәжірбиесі  бар маман.  Қайта құру, жобалау, жаңа стратегияны жүзеге асыруда талай  ірі жобаларды іске қосқан.    Сондай-ақ,    клиенттерге жоғары деңгейде қызмет көрсету, сервис  мәселелері, жолаушылар тасымалындағы  көптеген өзекті пробелмалардың  шешімін тауып, осы бағытта талай игі бастамалардың жетекшісі болған. М. Кортюм 1969 жылы 3 ақпан күні  Гамбургте дүниеге келді (Германия).  Еңбек өтілі  1989 жылдан бастау алады.  «DeutscheReichsbahn» компаниясында  (Неміс темір жолдары) қатардағы электромонтер, артынан  5 жыл пойыз машинисі болған. Бұдан кейін жолаушылар пойыздарына қызмет көрсету бөлімінің супервайзері қызметіне ауысты.  «DB Fernverkehr» компаниясының Солтүстік сервис орталығының басшысы,  Солтүстік Германия өңіріндегі «DB InternationalGmbH» компаниясының басшысы болды. Соңғы жылдары М. Кортюм Таяу Шығыс пен Солтүстік Германия бойынша команияның өндіріс жөніндегі Бас директоры,  «DB Engineering&Consulting» компаниясының бас директоры, «ValueEngineering / Asia and Pacific» және «DB Engineering&Consulting» Атқарушы директоры (Берлин) лауазымында еңбек еткен.

Серіктес жаңалықтары