Такир Балықбаев: Ел көкейіндегі өзекті мәселелер сөз болды

Такир Балықбаев: Ел көкейіндегі өзекті мәселелер сөз болды

Такир Балықбаев: Ел көкейіндегі өзекті мәселелер сөз болды
ашық дереккөзі
365
Президент ең алдымен еліміздің эко­но­ми­калық және әлеуметтік дамуының маңыз­ды салаларына тоқталды. Айталық, Қа­зақ­стан Тәуелсіздігін алған 90-шы жылдары кеңестік жүйеден қиранды экономика қа­лып, күйзеліс кезеңдерін басынан өткергені мәлім. Президент Қ.Тоқаев өз Жолдауында ел да­муының осы үрдісін  одан әрі жалғастыру үшін әлем мойындаған Назарбаев моделін  жалғастыруды ұсынды. «Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, қазақстандық, яғни Назарбаев моделі деп атады.  Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр», – деді ол. Мемлекет басшысы үкімет мүшелеріне мемлекеттік органдар мен өңірлердің, мем­лекеттік компаниялардың және меке­ме­лер­дің басшыларына тиісті реформаларды жү­зеге асыру үшін дербес жауапкершілік жүк­телетінін мәлімдеді. Сондай-ақ, ол ре­фор­ма­ны тек реформа үшін жүргізуге жол беріл­мей­тінін, әрбір министрде және әрбір әкімде нә­тижелі жұмыстың негізгі көрсеткіштерінің тізімі болуы тиіс екенін ескертті. Қ.Тоқаев шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әртараптандыру қа­жет­тігін, «Білім экономикасы», еңбек өнім­ділігін арттыру, инновацияны дамыту, жан­ды интеллектіні жаһандық дамудың негізгі фак­торына айналдыру керектігін назарға салды. Мемлекет басшысы сонымен бірге елдің көкейінде жүрген көптеген  өзекті мәселелер туралы ой өрбітті. Әсіресе, жердің шетел­дік­терге сатылмайтыны туралы нақты ойы көпшіліктің көңілінен шықты. Бірақ әрбір гектар жер тиімді пайдаланылуы талап еті­леді.  Президенттің қазақ халқының мем­ле­кет құрушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеу, эт­нос­аралық татулық пен дінаралық түсі­ніс­тікті одан әрі дамыту, қазақ тілінің мем­лекеттік тіл ретіндегі рөлін күшейтіп, ұлт­аралық қатынас тіліне айналдыру, Конс­ти­туцияға сәйкес, азаматтар өз ойларын еркін білдіру құқығына  ие болу үшін митингілер туралы заңнаманы жетілдіру қажеттігі ту­ра­лы айтқандары да көкейдегі көп ойды дөп басып отыр. Адамдарда мейірім мен қайырым азайып тұрған  бүгінгі әлемде біздің елімізде де есірт­кі саудасы, педофилия, жыныстық зор­лық, әйелдер мен балаларға, жеке тұлғаларға қатысты жасалатын ауыр қылмыстар бой көрсетіп отырғаны жасырын емес. Жолдауда осындай қылмыстарға қарсы қолданылатын  жазалау шараларын қатаңдату туралы мә­селе көтеріліп, Үкіметке бұл жөнінде тап­сыр­ма берілуі өте орынды іс болды деп білеміз. Жоғары білім беру саласында да қор­да­ланған мәселелер бар. Университет тү­лек­терін жұмысқа орналастырудың орташа көрсеткіші 60 пайыздан аспауда. Бұл өте ойландыратын мәселе. Жоғары оқу орын­да­рын­дағы маман даярлау сапасы сын кө­термейтінін айта келіп Қ.Тоқаев бәсекеге тө­теп бере алмайтын білім ордаларын қыс­қар­ту керек дегенді ескертті. Сондай-ақ ол мұғалім мәртебесін көтеру туралы арнайы заң қабылданып жатқанын, алдағы үш жыл­да олардың жалақысы 2 есе өсетінін айтты. Президент Қазақстан ғылымын дамытуға байланысты да өз ойларын ортаға салды.

 Такир Балықбаев,  

Абай атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық университетінің ректоры, профессор

Серіктес жаңалықтары