Бекжан Әлімқұлов, кәсіпкер: Президент жолдауы бизнесмендерге сенім сыйлады

Бекжан Әлімқұлов, кәсіпкер: Президент жолдауы бизнесмендерге сенім сыйлады

Бекжан Әлімқұлов, кәсіпкер: Президент жолдауы бизнесмендерге сенім сыйлады
ашық дереккөзі
217
– Мен де мемлекет басшысының ха­лық­қа жолдауын ерекше ықыласпен тың­­­да­дым. «Сындарлы қоғамдық диалог – Қа­зақ­станның тұрақ­ты­лығы мен өр­кен­деуінің негізі» деп аталған жолдау ең негізгі, өзекті мәсе­ле­лерді арқау еткен­дей. Кәсіпкер ретінде бизнеске қолдау көр­се­туге арналған бірнеше бағдарлама қабыл­данатынына қуан­дым. Атап айтар болсам, айлық жалақыдан бөлек 5 па­йыз­­ды зей­нетақы қорына аудару мә­се­ле­сін 2023 жылға дейін шегерді. Екінші, шағын және орта бизнеске қолдау біл­діріп, ал­ғашқы 3 жылда салықтан босат­ты. Сон­дай-ақ, олар аяқтан нық тұрып кеткенше түрлі тексеріс болмайды дегені талай жас бизнесмендерге сенім бер­гендей. Аталған үш мәселе осы уақытқа дейін отандық шағын кәсіпорындардың аяғына тұсау болып, күрмеулі мәселеге баланған еді. Өйткені, өзі жаңа кәсіп бас­таған биз­нес­мен айлық жалақыдан бө­лек 5 пайызды бөлу қиынға соғар еді. Екінші салықтан босатуға келсек, өзімді мысал ретінде айтсам болады. Өндіріс ашқан 5 жыл ішінде елордадағы 150-200 шақырым жолға мен өндіретін тастар тө­селді. 20 адамды тұрақты жұ­мыс­пен қам­тамасыз етіп отырмын. Осы уақыт ара­лығында мемлекет қоржынына 40 млн теңгеден астам салық төледім. Са­лықтан боса­тыл­ғанда сол қаржыға өн­діріс көлемін едәуір арттырып, жаңа жұ­мыс орындарын ашар едім. Жөнді-жөнсіз тексеріс те кәсіптің ілгерілеуіне кедергі келтірмей қоймайды. Жаңа басталған кәсіп іңгә­лаған бала іспетті. Оған не түрлі салық төлеп, тексерістерге төтеп беру оңай емес. 3 жасқа толып, аяқта жүре бас­та­ған­да ғана нағыз іскерге айналады.

Бекжан Әлімқұлов,

кәсіпкер

Серіктес жаңалықтары