ТАРИХИ ЖАДТЫ ЖАҢҒЫРТУ – МЕМЛЕКЕТ САЯСАТЫ

ТАРИХИ ЖАДТЫ ЖАҢҒЫРТУ – МЕМЛЕКЕТ САЯСАТЫ

ТАРИХИ ЖАДТЫ ЖАҢҒЫРТУ – МЕМЛЕКЕТ САЯСАТЫ
ашық дереккөзі
377
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің рухани әлемін жаң­ғыр­туға қатысты мәселелер жайында жақсы айтылған. Халықтың рухани дүниесінде ұлт­тың мерейін көтерер, тарихи жадын жаңғыртар жаңалықтар болып тұр­маса, елдің рухы көтерілмесі анық. Ал елдің рухы дегеніміз мемлекеттің жан-жақты дамуы үшін басты қозғаушы күштің бірі. Жолдауда маған ерекше әсер еткен нәрселердің бірі – қазақ халқының ұлы тұлғаларына қатысты алдағы уа­қытта өткізілетін шараларды арнайы атап өтуі туралы айтылған ойлар болды. Елімізде енді ғана дамып келе жатқан саланың бірі – туризм индус­триясы. Жолдауда бұл саланы дамыту жайын айта келіп, Қасым-Жомарт Тоқаев: «Туризмді, әсіресе экотуризм мен этнотуризмді дамытуға эконо­ми­каның маңызды саласы ретінде баса мән беру қажет. Алтын Орданың 750 жылдығын төл тарихымызға, мәдение­ті­міз бен табиғатымызға туристер назарын аудару тұрғысынан атап өткен жөн», – деп, туризм мәселесін қозғай отырып, түп-бастауы арыда жатқан қазақ мемлекеттігін еске салып, тарихи жадты жаңғыртып отыруды көз­дей­ді. Ендеше тарихи тамырымызды бүгінмен жалғап отыруда саналы түрде еңбек етіп, өлшеусіз тер төгіп жатқан кітапхана, музей, театр қызмет­кер­леріне қа­тысты мәселені де жадынан шы­ғар­май, олардың еңбекақысын көтеру жайында мәселе көтерген Жолдаудың қазіргі кез­де қоғамдағы ең басты құжатымыз болып отырғаны көңіл қуантады.

Күнқожа ҚАЙРУЛЛА,

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық

консерваториясының оқытушысы

Серіктес жаңалықтары