Студенттер сауық кешін өткізу үшін дүкен тонаған

Студенттер сауық кешін өткізу үшін дүкен тонаған

Студенттер сауық кешін өткізу үшін дүкен тонаған
ашық дереккөзі
514

Шымкент қаласында дүкен тонаған студенттер қолға түсті. Бұл туралы Отырар арнасына сілтеме жасай отырып NUR.KZ сайты хабарлады. Студент жігіттердің дүкенге заңсыз кіру арқылы сауық кеш өткізуге қажетті азық-түліктерді алып кетпек болған көрінеді.

Алайда жігіттердің бұл әрекеті сәтсіз аяқталды. Тез арада іске кіріскен полицейлер оларды қолға түсіріп, студенттердің сауық кеші өтпей қалған. Студент жігіттердің негізгі мақсаты – дүкен кассасындағы ақшаны ұрлап, содан кейін кештің дастарханына қажетті тауарларды алу болған екен. Бірақ жол-патрульдік полициясы жігіттердің заңсыз әрекетіне бөгет болып үлгерді.

Ұрлық жасауға бекінген үш студент дүкеннің ішіне шатыр арқылы енген.

Деректерге сүйенсек, дүкен тонауға қатысқан студенттердің жасы 18-де. Өздері жөнінде, бұл әрекетке неліктен барғандықтары туралы жігіттер әзірге жарытып ешнәрсе айта қоймаған. Қолға түскен жігіттердің әрқайсысынан құқық қорғау қызметкерлері 11 мың теңгеден ақша тәркілеген. Жігіттер дүкен кассасынан ұрлаған ақшаларын өзара теңдей бөліп алған.

Қазіргі уақытта қолға түскен күдікті студенттердің үстінен Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары