Қазақстан он жылда 215 млр.д доллар инвестиция тартқан

Қазақстан он жылда 215 млр.д доллар инвестиция тартқан

Қазақстан он жылда 215 млр.д доллар инвестиция тартқан
ашық дереккөзі
305
  ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне қарасты «KAZNEX INVEST» Экспорт және инвес­тициялар жөніндегі ұлттық агент­тігі 2015 жылдағы елімізге шетел­дік инвестиция тарту жұмыстарының қорытындысын баяндады. Есептік жиында сөз алған «KAZNEX INVEST» Басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Қарманов ЮНКТАД Бүкіләлемдік инвестициялық есебі бойынша шетелдік инвестицияларды тартудың әлемдік үрдістері туралы айтты. 2014 жылы әлемдегі тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 16 пайызға қысқарған. Тікелей шетелдік инвестициялардың өсу қарқыны Азияның дамушы елдерінде байқалады, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 8,6 пайызға артып отыр. Ал Қазақстан ЮНКТАД есебі бойынша дамушы елдердің арасында 16-орында, ал барлық елдердің арасынан 28-орынды иеленген. ҚР Ұлттық Банкі ұсынған дерек­тер бойынша, Қазақстан Респуб­ли­касына келген тікелей шетелдік инвес­тициялардың жалпы көлемі 2005 жыл мен 2015 жылдың алғашқы жартыжылдығы аралығында 215 миллиард АҚШ долларын құрады. Елімізге шетелден инвестиция тарту мақсатында биылғы жылы 26 халықаралық инвестициялық іс- шаралар ұйымдастырылыпты. Осы жұмыстардың нәтижесінде жалпы сомасы 6,3 миллиард АҚШ долларын құрайтын 124 инвестициялық құжатқа қол қойылды. Қазіргі уақытта Қазақстанда инвес­ти­­циялық жобаларды іске асырып жүрген 140 шетелдік инвестор өз қыз­метін атқаруда. Олар жалпы сомасы 6 миллиард АҚШ долларын құрайтын 150-ден аса жобаны іске асырды, сөйтіп, елімізде 20 мың жұмыс орны құрылды. «KAZNEX INVEST» Басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Қармановтың айтуынша, үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының бірінші бесжылдығында 140 қолданыстағы шетелдік инвестордың 60 пайыздан астамы өз жобаларын жүзеге асырған. Барлық инвесторлардың үштен бір бөлігі өз өндіріс қызметін кеңейту үстінде немесе жаңа өндірісін қайта инвестициялауды немесе қолданыстағы қуатты кеңейтуді жоспарлап отыр. Мәселен, 2015 жылы BTM Group (Түркия), LG Electronics (Корея), Galaksi Group (Түркия), Lotte Group (Корея), Danone (Франция) сынды шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы сомасы 43 миллион АҚШ долларын құраған 5 жаңа жоба пайдалануға ұсынылып, 260 жаңа жұмыс орны құрылды. Сондай-ақ, 2016 жылдың соңына дейін қолданыстағы шетелдік инвесторлар жалпы сомасы 104 миллион АҚШ долларын құрайтын 8 жобаны пайдалануға енгізуді жоспарлап отыр. Егер бұл жобалар іске қосылса, елімізде тағы да 360 жаңа жұмыс орны ашылады.    

Серіктес жаңалықтары