Сыртқы саясат сардары – Ержан Қазыханов

Сыртқы саясат сардары – Ержан Қазыханов

Сыртқы саясат сардары – Ержан Қазыханов
ашық дереккөзі
440
Өмірін сыртқы істер саласына арнаған білікті дип­ломат Ержан Қазыханов 1964 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Айта кететін жайт, Ержан Хозеұлы ғалым, Қазақ­стан­ның теориялық және қолданбалы меха­ни­ка­сы­ның дамуына айтарлықтай үлес қосқан Хозе Рақым­хан­ұлының ұлы. «Әке көрген оқ жонар» демекші Ержан Қазыханов 1987 жылы Ленинград мемлекеттік университетінің Шығыстану фа­культетін тарихшы-шығыс­та­нушы мамандығы бойынша тәмамдаған. Әкесі Хозе Қа­зы­ханов та 1960 жылы Ленинград инженерлік-құрылыс инс­­титутының механика факультетін бітіріп, содан кейін Алматы жол белгілері және жол көліктері зауытында өне­гелі өмір жолын бастаған еді. Алғашқы еңбек жолын Қазақ КСР Сыртқы істер ми­нис­трлігінің хаттамалық-сая­сат бөлімінде екінші, кейіннен бірінші хатшы болып бастаған Ержан Қазыханов 1992 жылдан 1995 жылға дейін Қазақ­стан Республикасының Мем­ле­кет­тік протокол басқар­ма­сының бөлім бастығы, бас­қарма бастығының орын­ба­сары лауазымдарын атқа­ра­ды. Ал 1995 жылдан 2000 жылға дейін Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы ҚР тұрақты өкіл­ді­гінің бірінші хатшысы әрі кеңесшісі болып қызмет етті. Дәл осы кезде ол БҰҰ Бас хат­шылығы ауысып жатқан өт­пе­лі кезеңдердің куәсі болады. Бұл аталмыш ұйымды төрт жыл басқарған тегі копт, өзі египеттік Бутрос-Гали қыз­ме­тінен кетіп, оның орнына га­налық дипломат Кофи Аннан келген тұс болатын. Бәлкім, Ержан Хозеұлының БҰҰ-дағы қызметі оның шығыстану ма­ман­дығын алып, әлемдік деңгейдегі ұйымды араб әрі африкалық дипломаттардың басқару кезеңімен тұспа-тұс келуі тағдырдың дайындаған тосын сыйы болар... Дегенмен, ол 2002 жылы елге қайта оралып, Қазақстан Респуб­ли­касының Сыртқы істер министрлігі көпжақты ынты­мақтастық де­пар­тамен­ті­нің басшысы болып еңбек етті. 2003 жылы Біріккен Ұлт­тар ұйымындағы ҚР Тұрақты Өкілі ретіндегі миссиясын қай­тадан жалғап, сонымен қа­тар Қазақ­стан­ның Кубадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қатар атқарады. 2007 жылы елге қайтып, бір жыл уақыт аралығында ҚР Сырт­қы істер министрінің орынбасары болады. 2008 жылдың ақ­па­нынан желтоқ­са­нына дейін ҚР Пре­зи­дентінің көмекшісі болып қызмет етті. 2009 жылдан елшілік қыз­метін әрі қарай жалғап, 2011 жылға дейін Қазақ­станның Австриядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, сондай-ақ Қа­зақ­станның Венадағы Халық­аралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі атанады. 2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ ұйымына Төрағалық етіп, саммитті абыроймен өткізді. Осы орайда, 1975 жылы Хельсинкиде іргесі қаланған ұйымның штаб-пәтері Венада орна­лас­қанын айта кеткен жөн. 2011 жылдан 2014 жылға дейін Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Сыртқы істер министрі лауазымына тағайындалады. Бұған дейін сыртқы саясат са­ласында қаншама құры­лым­дарда қызмет еткен Ержан Қазыханов Сыртқы істер минис­трі ретінде табысты қыз­мет етіп, 2014 жылы миссиясын сәтті аяқтап, Қазақ­стан­ның Ұлыбри­та­ниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауа­зымына тағайындалып, қайтадан елшілік қызметін жалғайды. Қазақстан экономикасында инвестиция көлемі жағынан бесінші орында тұрған «Тұманды Альбион» елінде Елшілік ету қан­ша­лық­ты жауапкершілік жүктейтінін және қандай тұлғалар Лон­донға маңызды миссиямен ат­та­натынын осыдан-ақ ба­ғам­дай беруге болатын шығар, сірә. 2017 жылы Ержан Қазы­ханов тағы да қызмет ауыстырып, Қазақстанның АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті Елшісі атанады. ЭКСПО секілді ма­ңыз­ды шараны өткізіп жатқан Қазақстан үшін бұл кез аса маңызды кезеңдер болатын. АҚШ-пен әріптестік жаңа дең­гейге көтеріліп, 2018 жылдың ба­сында Елбасы Н.Ә.Назарбаев Вашингтонға ресми сапармен барды. Сыртқы саясатқа қы­зы­ғушылық танытқан оқырман әлеуметтік желілерде қызу тал­қыланған Н.Назарбаев пен Д.Трамптың қол алысу сәтін қайта қараса болады. Осындай тарихи сәттерге кәсіби дипломат Е.Қазы­хан­овтың куә болғаны сөзсіз. Ержан Хозеұлы Қазыханов сыртқы саясат пен дипломатия саласында ұзақ жылдар қызмет еткен білгір маман. Еңбек жолын бағамдап отыр­сақ, тек сыртқы саясат саласында еңбек етіп, оның жай-жапсарын толық меңгерген. Сондай-ақ Ержан Қазыханов тарих ғылымдарының кандидаты. БҰҰ қызметі және көпжақты мәмілегерлік турасында қазақстандық және шетелдік басылымдарда бірқатар мақалалар мен жария­ла­ным­дардың авторы. Ағылшын және араб тілдерін еркін мең­герген. Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дә­ре­жесіне ие. Ержан Қазыханов  2005 жы­лы «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2001 жылы «Қазақ­стан Республикасының Тәуел­сіз­дігіне 10 жыл» медалімен, «Ас­тананың 10 жылдығына» ме­рей­тойлық медальдарімен және т.б құрмет белгісі саналатын медальдармен марапат­талған.

Олжас БЕРКІНБАЕВ,

саяси ғылымдар  магистрі

Серіктес жаңалықтары