ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ, ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ ҺӘМ ТҮРКІСТАН

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ, ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ ҺӘМ ТҮРКІСТАН

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ, ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ ҺӘМ ТҮРКІСТАН
ашық дереккөзі
335
Мемлекет тізгінін қиын-қыстау кезеңде қолға алған Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев елінің жарқын болашағын басты мұрат етіп, атқарған ерен еңбегі мен дұрыс жүргізген сындарлы саясатының арқасында тәуелсіз қазақ елі алға қадам басты. Нарықтық жүйеге бет бұрып, жекешелендіру жүргізілді, инвестиция тартылып, сырт елдермен өзара сауда қатынастары жүйелі жолға қойылды. Төл теңгеміз қолданысқа еніп, дербес қаржы жүйесі құрылды. Ха­лықтың жұмыс істеуіне жан-жақты қолайлы жағдай жасалды, өндіріс орындары мен жеке кәсіпкерлік қарқынды дамыды. Елбасының жыл сайынғы елге жа­саған дәстүрлі Жолдаула­рын­дағы мемлекеттің әлеуметтік, стра­тегиялық дамуына негіз болған бағ­дарламалары жетістіктерге же­теледі. Бұл жұмыстар тәуел­сіз елімізде бұрын-соңды болмаған нә­ти­жені көр­сетті. Аталған жағ­дай­лар қаржылық дағдарыстарға төтеп беріп, экономикамызды кө­теріп, мемлекетімізді биік белес­тер­ге жеткізгенін Елбасының терең ойлайтын, бо­лашақты дәлдікпен болжайтын көрегендігі деп білеміз. Еліміз тәуелсіздік жылдарын­дағы өтпелі кезеңнің барлық қиын­шылығын еңсеріп, елімізді саяси, әлеуметтік, экономикалық дағдарыстарға соқтырмай, ын­ты­мақ пен жетістікке қол жеткізген мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының қа­жырлы еңбегін, дұрыс таңдаған сая­сатын әлем жұртшылығы да мойын­дады. Соның арқасында елі­міз дамыған 50 мемлекеттің құра­мына еніп, бүгінде экономикасы озық 30 елдің қатарынан көрінуге атсалысып жатыр. Бұл еселі ең­бектің басында Елбасымыздың өзі құрып, төрағалық етіп жүрген Nur Otan партиясының да ерекше орны бар. Қазіргі таңда елдің ертеңіне сенім артқан Елбасының үміті ақ­талып отыр. Елбасының бастамасымен елорданы Арқаға көшіру еліміздің геосаяси, әлеуметтік-эко­номикалық, мәдени және рухани дамуына жаңа бетбұрыстар әкел­гені баршамызға аян. Қысқа мерзім ішінде Еуразия кіндігінде, Есілдің бойында еңселі қала бой көтерді. Тұңғыш Президентіміз негізін қалаған елорда еліміздің еңсесін, халқымыздың рухын асқақтатты. 2017 жылы әлемнің түкпір-түк­пірінен халықаралық EXPO-2017 көрмесіне келген миллиондаған қонақтар елордамыздың керемет келбетін, салтанатты сәулетін тамашалады. Ал киелі Түркістанның түркі әле­мінде алатын орны ерекше. Ұлы ойшыл, ұстаз Қожа Ахмет Ясауидей бабамыз, Абылай хан бастаған қазақтың 21 ханы мен бірқатар сұлтаны, елдің аманатын арқалаған билері мен батырлары – ұлтымыз­дың қаймақтары мәңгілік қоныс тепкен Түркістанның тарихы тым арыда. Барша түркі әлемінің түп қазығы саналған, ер түріктің бесігі ата­нып, дәуірлеген Түркістан ау­малы-төкпелі замандарды да бас­тан көп өткерді. Дегенмен бабалар арманы орын­далып, тәуелсіз ел атандық. Ара­ға ширек ғасыр салып, еліміз ес жиып, әлемдік деңгейдегі жағдайға жеткенімізде енді міне, Елбасы Жарлығымен Түркістан облысы құрылып, оның орталығы болып Түр­кістан қаласы бекітілді. Біз үшін XX ғасырдың басты жаңа­лығы – еліміздің тәуелсіз мемлекет атануы мен оның елордасы болып Сарыарқаның төрінен қазіргі Нұр-Сұлтандай тамаша қаланың бой көтеруі болды. Ал XI ғасырдың ең жағымды жақсы жаңалығы деп  Түркістанның түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы атанып, жаңа облыс орталығы болғанын айтуға болады. Осыған орай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанда әлеу­­меттік нысандарды тұрғызу, тұрғын үй, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерін салу, инженерлік инф­рақұрылымды дамыту мәселе­ле­рін қарастыруды тапсырды. Сондай-ақ болашақта әлемнің бар­лық елінен түлеген Түркістанды та­машалауға келетіндей етіп мил­лиондаған туристерге жағдай жасау қажеттігін атап өтті. Облыс орталығының Түркі­стан­ға көшірілуінде үлкен мән бар. Біріншіден, Түркістан ғасырлар бойы Қазақ хандығының астанасы болды. Екіншіден, тоғыз жолдың торабында орналасқан қаланы дамытудың мүмкіндіктері жетерлік. Бұрынғы Ұлы Жібек жолының бойында қоныс тебуінің өзі бұл шаһар­дың стратегиялық маңызы зор екенін білдіреді. Сол себепті Түр­кістанды түркі әлемінің рухани әрі мәдени астанасына айналдыру мүмкіндігі мол. Яғни, Түркістан облыс орталығы ғана емес, халық­аралық дәрежеде танымал қалаға, түркі әлемінің ғылымы мен мәде­ниеті және руханиятының ірі орта­лығына айналады. Осылайша, мұсылман әлемі қа­сиетті санаған Түркістанның екінші тынысы ашылып, қазір даму жо­лына түсті. Мұны ғасырдың ең жа­ғымды жаңалығына санаған жұрт Елбасының бұл шешімін дер кезінде қолға алынды деп қолдау көр­сетуде. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен Түркістанды дамыту мақсатында ел Үкіметі бас­тап, барша өңірлер мен еліміздің іргелі ірі компаниялары бүгінде қыруар жұмыстарды жүргізіп жатыр. Ендеше, рухани ордамыздың келбеті екі-үш жылда адам танымастай өзгереді. Бүгінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев­тың аталған тарихи бастамасын жалғастыруды қолға алған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың тапсырмасына сәйкес, Түр­кістанды дамыту мақсатында қыруар жұмыстар жүргізіліп жатыр. Президент ретіндегі алғашқы жұмыс сапарын Түркістаннан бас­таған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Түркістанды қолдау, жаңғырту, жаңарту, дамыту жұмыстарын ары қарай жалғас­тыру жөнінде бірқатар тапсырма берді. Осы жерде бір айта кетер жайт, бүгінде мен өзім басқарып отырған университеттің құрылуын  Тәуел­сіз Қазақстанның алғашқы қарлы­ғаштарының бірі деп атар едім. Олай дейтінім, бауырлас Қазақстан мен Түркияның тікелей тығыз қа­рым-қатынасы еліміздің Тәуел­сіздігінің жариялануымен қатысты. Баршамызға белгілі, 1991 жылы Тәуелсіздік алған уақытта дербестігімізді алғаш танып, жарты сағат­тан кейін құттықтаған Түр­кия Республикасының сол кездегі президенті Тұрғыт Озал болатын. Экономикалық байланыс, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынас орнату мақсатындағы алғашқы қадамдар одан бұрын, яғни Кеңес Одағы ыдырай бастаған уақытта басталған. Түркия үкіметі арнайы делегация жіберіп, саяси-эконо­микалық жағдайымызбен алдын ала танысып, ішкі дайындық жұ­мыс­тарын жүргізгенін атап өтке­німіз жөн. Сондай сындарлы саяси шешім­нің арқасында алғаш бұл университет Елбасымыз Н.Назарбаевтың тапсырмасымен рухани астана-мыз – Түркістан қаласын өркен­дету мақсатында 1991 жылғы 6 мау­сымда Қожа Ахмет Ясауи атын­да­ғы Түркістан мемлекеттік университеті болып құрылды. Ал «Қо­жа Ахмет Ясауи атындағы Ха­лық­аралық қазақ-түрік университеті етіп қайта құру туралы» келі­сімге араға жыл салып, яғни 1992 жылғы 31 қазанда Елбасымыздың бастамасымен сол кездегі Түр­кия­ның премьер-министрі С.Деми­рел­дің қолдауымен құрылған болатын.  width= Осылайша, Ахмет Ясауи университеті – түркі тілдес мемлекеттер арасында халықаралық мәрте­беге ие болған тұңғыш білім-ғы­лым ордасы. Екі бауырлас елдің басшы­лары­ның Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін түркі әлемінің рухани ас­танасы –Түркістанда құруы тарихи оқиға, саяси кемеңгерлік, ата­ларға тағзым деп бағалауға болады. Сан салалы бағыттарды қамтитын екіжақты әріптестік қарым-қаты­нас әр жылдары сенімділік негізінде дамып келеді және бұл университет екі бауырлас елдің білім-ғы­лым саласындағы маңызды жо­баларының бірі және қазақ-түрік достығының символы. Міне, содан бері Елбасымыз уни­верситетке үлкен қолдау көр­сетіп, әрдайым келген сапарында өзі ашқан оқу ордасына соғып кетеді және басқа елдердің басшыларын да арнайы ертіп келіп, назарында ұстап жүр. Бүгінде университетте инф­ра­құрылымды дамыту жұмыстары жалғасуда және студенттік жа­тақ­ханалар, оқу корпустары, меди­ци­налық клиника, кітапхана, мәде­ниет сарайы, студенттік асханалары және т.б. қажетті жабдықтары қам­тамасыз етілген заманауи университеттік кампус қалыптас­ты­рылды. Университеттің дамуы әр­дайым Үкіметіміздің назарында болып, Түркия тарапынан да белсенді қолдау көрсетілуде. Қазіргі кезде оқу ордамызда 10 мыңнан астам білім алушы бар. Атап айтқанда, 19 елдің 40-тан астам ұлт өкілдері (басым бөлігі түркі әле­мінен келгендер) бакалавриат, ма­гистратура, резидентура және док­торантура білім беру бағдар­ламалары бойынша 11 факультетте білім алып жүр. Университетте бір мыңнан астам оқытушы-профес­сор құрамы жұмыс істесе, олардың 5 пайызы Түркиядан келген оқы­тушылар. Оқытушылардың 45 пайы­зының ғылыми дәрежесі бар. Сонымен қатар 6 ғылыми-зерттеу институты, 4 аккредиттелген ғы­лыми-зерттеу зертханасы және 4 ғылыми журналы бар. Университет түркі әлемінің түкпір-түкпірінен келіп, білім алатын жастар үшін алтын шаңыраққа айналды. Түркия үкіметі университетіміз үшін жыл сайын білім берудің бар­лық деңгейі бойынша (бакалавр, магистр, докторантура, резидентура) қазақстандық азаматтарға оқу кво­та­сын, ал Қазақстан түркі дү­ниесі жастарына білім гранттарын бөліп келеді. Өткен жылдан бастап уни­верси­тет барлық бағыттар бойынша іс-шараларды толық көлемде модернизациялауды бастады. Университетті 2023 жылға дейін дамы­тудың жаңа стратегиясы жасалып, ХҚТУ-дың Үкіметаралық өкілетті кеңесі тарапынан қабылданды. Со­ның аясында 2018–2019 оқу жы­лында барлық процестерді жан-жақ­ты қайта құру жүзеге асырылды. Мысалы, білім сапасын арттыруды қарқынды жүзеге асыру мақ­сатында жетекші түрік, еуропалық және америкалық оқу орындары­ның оқу бағдарламалары негізінде білім беру бағдарламалары сту­дент­тердің құзыреттіліктерін тәжі­ри­бемен ұштастыру және дамытуға бағыттау арқылы толықтай қайта жасалды. Білім беру бағдарла­ма­ларына Fintech, Big Data, Artificial Intelligence (жасанды интеллект), Blockchain, Cybersecurity (кибер­қауіп­сіздік), Data mining (деректерді терең талдау) секілді жаңа элементтер енгізіле отырып, IT және экономикалық мамандықтар бойын­­ша толық, ал басқа маман­дықтар шамамен 30%-ға жаңарты­ла­ды. Сонымен қатар робототехника, компьютерлік модельдеу және деректерді визуализациялау атты түбегейлі жаңа әрі иннова­циялық бағдарламалар жасалды. Назарбаев университетінің тәжіри­бесі негізінде Мемлекеттік басқару және экономика жоғары мектебі құрылды. ХҚТУ-дің ең маңызды ерекше­лік­терінің бірі – төрт тілде (қазақ, түрік, ағылшын және орыс) білім беруі. Білім алушыларымыздың тілдік құзіреттерін арттыру мақ­сатында ағымдағы оқу жылынан бастап Тіл үйрету орталығы құрыл­ды. Университеттерді модерниза­ция­лауда халықаралық ынтымақ­тастық, тәжірибе алмасу маңызды рөл атқарады. Қазіргі таңда алдың­ғы қатарлы университеттер құру мін­деті түркі әлемінің барлық ел­де­рінің күн тәртібінде тұр. Бұл тақырып осы жылдың 23-24 сәуі­рінде Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ-да өткен Түркі кеңесі Түркі университеттері одағының IV Бас ассамблеясында талқыланды. Форумға Әзір­байжан, Қазақстан, Қырғыз­стан, Түркия, сонымен қатар Венгрия мен Өзбекстанның 23 жоғары оқу орындарының басшылары қатысты. Талқылау нәтижесінде барлық қатысушылар университеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту, академиялық алмасу, мә­селелерді бірлесіп талқылау туралы бастамамызды мақұлдады. Сонымен қатар түркі әлемі университеттерін халықаралық рейтингте бірлесіп алға жылжыту үшін ортақ ғылыми және білім беру кеңістігін құруды да қолдады. Осы орайда, университеттердің серпілісті дамуы үшін мына мәсе­лелерді атап өткім келеді. Университетті әлемдік деңгейге жет­кізудің негізгі бағыттарының бірі ғылым мен инновацияны дамыту болу керек. Жетекші елдердің тә­жірибесі көрсеткендей, инно­вациялық инфрақұрылым­ның толық циклын құру қазіргі ғылым мен инновацияның дамуына ай­тарлықтай әсер етеді. Бұл 3.0 уни­вер­ситетін құрудың басты көрсет­кіші. Осыған орай, 2018 жылдың маусымында біз инновациялық инфрақұрылымның негізгі эле­мент­терінің бірі– Технологияларды коммерцияландыру (трансферті) офисін аштық. Бұл құрылымның қызметі оқытушылар мен студент­тердің ғылыми белсенділігін арт­тыруға қуатты серпін берді. Уни­верситетіміз ғылыми жұмыс­тар­дың нәтижелерін коммерцияландыру бойынша конкурста төрт үлкен грантты жеңіп алды, сонымен қатар Дүниежүзілік банктің 130 оқытушыға ағылшын тілін оқы­ту грантын иеленді. Сондай-ақ ағымдағы жылы 30-ға жуық ғы­лыми жоба Түркия Республика­сы­ның қаражаты есебінен қаржылан­дырылатын болады. Өткен жылдан бері ғалым­дардың жарияланымдық белсенділігі едәуір артты, халықаралық Scopus базасында жарияланған мақалалар саны бір жыл ішінде 30 пайызға артып, 600 мақалаға жетті. Университетте Scopus базасына тіркелген Bilig ғылыми журналы жарық көреді. Жалпы, бір жыл ішінде ғылыми-зерттеу жұмыс­тарын қаржыландырудың университет бюджетіндегі үлесі 2 пайыз­дан 8 пайызға дейін артты. Ғылымның және иннова­ция­лық инфрақұрылымның толық циклі дамуының келесі кезеңі – ғы­лыми технопарк құру. Бұл тұр­ғыда Түркияның жетекші университеттеріне қарасты технопарктер­дің сәтті тәжірибесін атап өту қа­жет. Университетте түркиялық тә­­жі­рибеге негізделе отырып тех­но­парк құру жұмыстары жүргі­зілуде. Тағы бір айта кететін маңызды жайт, ағымдағы жылдың шілде айында Президент Қ.Тоқаевтың тап­сырмасымен Білім және ғылым министрлігі жұмыс тобын құрды, оның құрамына БҒМ, Сыртқы істер министрлігінен, Назарбаев университетінен, Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ-дан, Түркістан облысы әкім­дігінен мамандар және тәуелсіз сарапшылар кірді. Бүгінгі таңда университет стратегиясы осы жұмыс тобы тарапынан жаңа бағыттармен толықтырылып, жаңартылды. Бұл стратегия келешекке бағдардың жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін корпоративтік басқаруды модернизациялаудың жаңа бағыттарын анықтайды. Оқу үдерісін дамытуда әлемнің жетекші университеттерімен білім беруде франчайзинг моделін қолдану қа­растырылып отыр. Шетелдік тә­жірибеде франчайзинг бағдарлама­лары жоғары оқу орындарын жедел дамыту тетіктерінің бірі ретінде қолданылатындығы нақтылан­ған. Сонымен қатар стратегияда ин­новациялық экожүйені дамыту, уни­верситетті түркология, археология, теология, ясауитану және ру­хани түркі құндылықтарын зерт­теу саласындағы зерттеу Хабына айналдыру секілді маңызды қадамдар қаралған. Жалпы, жаңа стра­тегияны жүзеге асыру аймақ­тағы және түркі әлеміндегі уни­верси­теттік көшбасшылыққа қол жеткізуге бағытталған.

Болатбек АБДРАСИЛОВ,

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры

 

Серіктес жаңалықтары