Алматыда жол ережесін сақтамайтын жаяу жүргіншілер көбейді

Алматыда жол ережесін сақтамайтын жаяу жүргіншілер көбейді

Алматыда жол ережесін сақтамайтын жаяу жүргіншілер көбейді
ашық дереккөзі
429

2016 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы қаласында 4 319 жаяу жүргінші әкімшілік жауапқа тартылды. Жаяу жүргіншілердің барлық жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыпталған.

Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оңтүстік астананың жол-патрульдік полициясы өткен тәулікте жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 21 адамға қатысты  әкімшілік іс қозғады. Қалалық  Ішкі істер департаменті жүргізушілердің де жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелінен өту ережелерін жиі бұзатындығын айтады.  Мәселен, қаңтар айынан бері Алматыда 354 автокөлік жүргізушісі жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелінде ереже бойынша жүргіншілерге басымдық бермегендері үшін әкімшілік жауапқа тартылған екен.

Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция подполковнигі Жасұлан Байкенов жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережесін мұқият сақтауы тиіс екендігін ескертеді.  «Өкінішке қарай, жолды кез келген жерінен қиып өту барысында абайсызда көлік доңғалағының астына түсіп жатады. Сондықтан, жаяу жүргіншілер арасында жол қозғалысы ережесін бұзу фактілерін анықтау мақсатында алдын алу шараларын тұрақты түрде жүргізіп тұрамыз. Бұл шаралар жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігін арттыруға септігін тигізері анық. Бұл бағыттағы жұмыстар «Қауіпсіз жол» және «Жаяу жүргінші» жедел алдын алу шаралары барысында да жүзеге асырылады», – дейді Жасұлан Байкенов.

Серіктес жаңалықтары