"Е-мүфтият": Дін қызметкерлері электронды жүйеге көшпек

"Е-мүфтият": Дін қызметкерлері электронды жүйеге көшпек

"Е-мүфтият": Дін қызметкерлері электронды жүйеге көшпек
ашық дереккөзі
273
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен "Е-мүфтият" ақпараттық жүйесі құрылмақ.  Елордада өткен алқалы жиында Бас мүфтиге аталған жобаның жоспары таныстырылды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі. "Е-мүфтият" ақпараттық жүйесіне имам-молдалардың білім деңгейі, ғылыми дережесі, ұлты, отбасы жағдайы, облыстағы мешіт саны, тағы басқа мәліметтер енгізілмек. "Қазір электронды технологияның дамыған заманы. Әлем электронды жүйеге көшу үдерісінде. Біз, дін қызметкерлері бұл тенденциядан қалыс қалмауымыз қажет. "Е-мүфтият" ақпараттық жүйесі жұмыс тиімділігін арттырумен қатар, ҚМДБ Орталық аппаратының кадр қызметін оңтайландыруға оң ықпал етеді. Сондықтан осы жобаны жетілдіріп, іске қосуды тапсырамын", – деп атап өтті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы. Еске сала кетсек, Наурызбай қажы Тағанұлы 7 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезектен тыс ІХ құрылтайында Бас мүфти қызметіне сайланды.  

Серіктес жаңалықтары