364
Ақтөбеде 45 жолаушы мінген автобус аударылды
Ақтөбеде 45 жолаушы мінген автобус аударылды
Ақтөбе обысында 45 жолаушысы бар автобус апатқа ұшырады. Жолдың тайғақтығы салдарынан көлік аударылып қалған. Бұл туралы Диапазон басылымы хабарлады.
Ақтөбе облысы ПД ақпарынша, жол-көлік оқиғасы 26 ақпанда, шамамен сағат 20:00-де, Қарабұтақ ауылынан 20 шақырым жерде болған.
Автобус Шымкенттен Екатеринбургке жол тартқан. Салонда 48 адам болған. Оның үшеуі қазақстандық жүргізуші, қалған 45 жолаушы Тәжікстан азаматтары.
Жолаушылардың барлығы дін аман. Патрульді полиция мен ТЖД қызметкерлерінің күшімен жолаушылар автобус астынан шығарылған.
Ақтөбе облыстық Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтауды, сондай-ақ елді-мекен сыртына шыққан сәтте метеорологиялық жағдайларды есеп алуды ескертті.