Елордада қоғамдық көлікте тегін жүретін жолаушылардың 6 санаты айқындалды

Елордада қоғамдық көлікте тегін жүретін жолаушылардың 6 санаты айқындалды

Елордада қоғамдық көлікте тегін жүретін жолаушылардың 6 санаты айқындалды
ашық дереккөзі
351
28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтанда кәмелетке толмаған балалар қоғамдық көлікте тегін қатынайды. Бұл туралы  Бұл туралы «CTS» ЖШС басшысы Бекмырза Игенбердинов мәлімдеді. «28 наурыздан бастап кәмелетке толмаған барлық балалар елордада қоғамдық көлікте тегін жүреді. Біз осындай шешім қабылдадық», - деді компанияның басқарма төрағасы. Сондай-ақ, Бекмырза Игенбердиновтің айтуынша, балалардан бөлек, бес санаттағы жолаушылардан жолақы талап етілмейді. Атап айтқанда, зейнеткерлер, мүгедектер, ардагерлер, мүгедектерді алып жүрген адамдар мен көпбалалы аналар қалаішілік қоғамдық көлікте тегін жүретін болады.      

Серіктес жаңалықтары