VIP көлік нөмірлерін қай өңір тұрғындары жиі сатып алады?

VIP көлік нөмірлерін қай өңір тұрғындары жиі сатып алады?

VIP көлік нөмірлерін қай өңір тұрғындары жиі сатып алады?
ашық дереккөзі
485

Қазақстандықтар жаңадан алған көлігіне VIP санатындағы мемлекеттік нөмірлерді тіркеуге жиі қызығушылық танытады. Үйлескен сандары мен әріптері бар нөмірлерді қай өңір тұрғындары жиі сатып алатыны белгілі болды. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлады. 

VIP санаттағы мемлекеттік тіркеу нөмірлері сатылымға 2014 жылдан бері шығып келеді.

Басылымның жазуынша, 2019 жылы ел азаматтары мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 12 658 ерекше тіркеу нөмірін 3, 018 млрд теңгеге сатып алған.

Алайда бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстарығанда жарты млрд теңгеге аз. Ол кезде қазақстандықтар 14 909 ерекше нөмір үшін 3,650 млрд теңге жұмсаған болатын.

Ерекше сандар мен әріптердің тізбегін көп сатып алатындардың тізімін Алматы, Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларының тұрғындары бастап тұр.

Айта кетейік, көлік иелері жаңадан сатып алған темір тұлпарына ерекше нөмірлерді мамандандырылған ХҚО немесе egov.kz арқылы онлайн тіркеу барысында таңдай алады. Сондай-ақ егер азаматтың бұрыннан VIP-нөмірі болса, жаңадан алған көлігіне алты ай ішінде сол нөмірді қайта рәсімдеуге құқығы бар.

Серіктес жаңалықтары