"Салық төлеуіміз керек"

"Салық төлеуіміз керек"

"Салық төлеуіміз керек"
ашық дереккөзі
258

Астанадағы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында медициналық сақтандыру жүйесі өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындарды көлеңкеден шығаруға көмектесетіндігі айтылды.

Жиында Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаева салықтан жалтармау қажеттігін тілге тиек етті.

«Ресми жұмыс істеп, баршасы сияқты салық төлеп жүрген азаматтар секілді  өзін өзі жұмыспен қамтыған 2,7 миллион  адам да тегін медициналық көмек алып, олардың балалары ақысыз білім алуда, мамандыққа тегін оқытылуда, сондай-ақ елдің бюджетіне ештеңе де салмастан әлеуметтік қорғауға, зейнеткерлікке үміттенеді. Бұл – әділетсіздік. Мемлекет бұл үрдісті елемей келді, себебі адамдар өздерін жұмыспен, табыспен қамтамасыз етіп келді.  Алайда егер де әлеуметтік саланың жоғары деңгейге шығуын, сонымен қатар  елімізде жақсы жолдар болуын қаласақ, балалардың жақсы білім алып, қартайған шағымызда әрқайсымыз лайықты өмірге сенім арту үшін біз салық төлеуміз керек. Яғни, бұл қадамдар бізге ұнаса да, ұнамаса да қажет. Бізде өте либералды салықтық саясат жүзеге асырылды. Сондықтан да бұл бағытта барлығы әділетті болуы  керек. Салық төлеп, тұрықтылыққа үлес қосу керек», – деді вице-премьер  Дариға Назарбаева.

Вице-министрдің айтуынша, әлемнің көптеген елдерінде  салық деңгейі Қазақстанға қарағанда 2-3 есеге жоғары екен.

Серіктес жаңалықтары