Оңтүстік Кореяда тағы 376 адамнан коронавирус анықталды

Оңтүстік Кореяда тағы 376 адамнан коронавирус анықталды

Оңтүстік Кореяда тағы 376 адамнан коронавирус анықталды
ашық дереккөзі
498
Оңтүстік Корея билігі елде коронавирус жұқтырған 376 жаңа жағдай тіркелгенін мәлімдеді. Yonhap агенттігінің хабарлауынша, мемлекетте қатерлі дертке шалдыққандардың жалпы саны 3526 адамға жетіп отыр. Корея ауруды бақылау және алдын алу орталығының (KCDC) мәліметіне сәйкес, вирус жұқтырған 376 жаңа жағдайдың 333-і Сеулден оңтүстік-шығысқа қарай 300 шақырым жерде орналасқан Тэгу қаласында тіркелсе, 26-сы – көршілес Солтүстік Кёнсандо провинциясында.Сондай-ақ өзге де ірі провинциялар мен қалаларда ауру жұқтырған бірнеше жағдай туралы хабарланды. Сеулде тағы бес адам инфекцияны жұқтырған. Бұдан бөлек, үлкендігі жағынан Оңтүстік Кореяның екінші қаласы Пусанда да бір тұрғыннан вирус табылған. Ақ халаттылардың болжамынша, алдағы күндері Оңтүстік Кореяда вирус жұқтырғандардың саны артуы мүмкін, өйткені денсаулық сақтау органдары 210 мыңнан астам Иисус Синчхонджи шіркеуінің (Shincheonji Church of Jesus) мүшесін тексеруге кіріскен. Елдегі инфекция жұқтыру деректерінің жартысынан астамы Синчхонджи (Shincheonji) діни сектасымен байланыстырылып отыр. Бүгінгі, 1 наурыздағы дерек бойынша, елде коронавирустан сауығып шыққандар саны 30-ға жеткен. Еске сала кетейік, Оңтүстік Кореяда коронавирус алғаш рет 20 қаңтарда тіркелді. Елге Қытайдың Ухань қаласынан келген әйелдің сынамасынан вирус табылған. Оңтүстік Кореяда инфекцияның таралу қарқыны артуына байланысты еліміз бұл мемлекетке ұшатын әу рейстерінің санын қысқартты.

Серіктес жаңалықтары