Селфи жасауға тыйым салды

Селфи жасауға тыйым салды

Селфи жасауға тыйым салды
ашық дереккөзі
347

Үндістанның Мумбай қаласында селфи жасауға тыйым салынды. Бұл туралы «The Guardian» басылымына сілтеме жасай отырып «ҚазАқпарат» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Басылымның жазуынша, Мумбай әкімшілігі қаланың 16 ауданында селфи жасауға тыйым салыпты. 2014 жылы әлемде селфи жасаймын деп қаза тапқан 49 адамның 19-ы Үндістан азаматтары болған екен. Сондықтан, Мумбай қаласының әкімшілігі бұған бір шара қолдану қажет деген шешімге келген. Ал мұндай қайғылы оқиғалардың жиілеуі полиция қызметкерлерін қатты алаңдатып, қауіпті аймақтарда селфи жасауға тыйым салу керектігін алға тартқан. Енді Мумбай аумағында қоршаулары мен арнайы ұстап жүретін тұтқалары жоқ жартасты жағалауларда селфи жасауға болмайды. Әкімшіліктің бұл талабын орындамаған азаматтарға 1200 рупий шамасында айыппұл салынады екен. Айыппұл көлемінің үндістандықтар үшін айтарлықтай салмағы бар.

Серіктес жаңалықтары